Сәбит Досанов Мәскеуден мерейлі оралды

Сабит Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей әдебиет Академиясының академигі Сәбит Досановтың 75 жасқа толыуна орай Ресей жазушылар одағы және «Қазақ тілі», «Мұрагер» қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған жазушының шығармашылық кеші Ресей Федерациясының Бейбітшілік және келісім сарайында зор табыспен өтті. Кеште сөз сөйлеген сөйлеген әлемге әйгілі сыншы,академик Феликс Кузнецов, Ресей жазушылар одагының бірінші хатшысы, көрнекті ақын Геннадий Иванов, көрнекті тарихшы, әдебиетшы Валентин Осипов, Тәжікістанның халық жазушысы Шавқат Ниязи, белгілі жазушы, Ресей баспасөз клубының президенті Валерий Поволяев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Сергей Соколов, Ресейдегі Қазақстан елшісінің бірінші орынбасары Виктор Темірбаев және басқа да шешендер есімі мен еңбегі алыс, жақын шет елдерге кеңінен таныс Сәбит Досанов шығармашылығының әдеби кеңістікті кеңейтіп, халықтар достығына, бейбітшілік пен келісім идеяларына қызмет етіп отырғанын ерекше атап өтті. Кеште Сәбит Досановқа Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» сыйлығының дипломы мен ордені табысталды,сонымен бірге ол Василий Шукшин медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жа­зушыны Мәскеудегі шығармашы­лық кешімен құттықтаған жедел хатты оқылды. Сәбит Досановтың Мәскеуде өткен шығармашылық кешіне генерал-полковник, Ресей жазушылар одағының мүшесі Юрий Ефимов, аса көрнекті ақын Леонид Монастырский, белгілі армян әдебиетшісі Станислав Оганян, Дружба народов университетінің проректоры, профессор Нұр Қирабаев, «Московский литератор» газетінің бас редакторы Иван Голубничий, Ресей мен Қазақстан және Қырғызстанның елге танымал көрнекті тұлғалары қатынасты.