Қиырдағы қазақ ғалымдарымен және мұсылман В.Путинмен Көрісу күні…

2944
8
Бөлісу:

putin islam


Қазақ билігі бір кезде бір тиын татырмағасын, шетелге өре көшкен қазақ ғалымдарын елге қайта шақырмақшы. “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында Білім және ғылым министрлігі мен қазақ Парламенті бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асырып, шетте жүрген 125 ғалымды елге қайырып алады. Парламент Сенатының депутаты Ақан БИЖАНОВ: “Білім-біліктері мен мол тәжірибелерін ти­імді пайдалану үшін ғалымдарға “Нұр­лы жол” бағдарламсы аясында арнайы қаржы бөлінеді. Жайлы қызмет пен лайықты жалақы тағайындалады” – деді. Бірақ, шетелде еркін жүріп, қомақты қаржы уыстап үйреніп қалған ғалымдар қазақ елінің дамуы мен игілігі жолында еселі еңбек етіп, әлемдік деңгейде қандай да бір жаңашылдық ашып, нәтижесін көрсете ала ма – бұл мәселе болашақ уақыттың еншісінде…

…Қазақ билігі ғалымдарына сұрау салып жатқанда, әлем жұрты 2015 жылдың 6 наурызынан бері Ресейдің басшысы В.Путинді “жоғалтып алды”… Өсектің қалыңдығы, “құлақтың” ұзын­дығы сонша – құлағымыз қызарып, миы­мыз бықырып кетті… Тіпті, орыс рубльінің күн сайын құлдырауы “ес­тен шықты”. Соңғы 15 жылда орыс те­ледидарынан 24 сағат бойы естіл­ген дауыстың кенет үзіліп қалуы – біреулерге үрей туғызса, біреулерге үміт үрледі…

“Путин барда – Ресей бар, Путин жоғалса – Ресей жоғалады” деп ұрандайтын Ресей президенті Әкім­шілігінің үн-түнсіздігі қаулаған қауе­сет­тердің шоғын үрлеп, жалынға ұлас­тырды. Біреулер оны: “Жүрек талмасы ұстап, әл үстінде жатыр” десе, келесілері: “Мәңгілікке жүріп кетті, топырағы торқа болсын” деп көңіл айтып жатты…

“Қамшы” сайтында Нұрзат ТОҒЖАН былайша сілтеді: “Ресейлік БАҚ РФ Президенті Владимер Путиннің Ис­лам дінін қабылдағаны туралы жаза бастаған еді. РФ Президентінің бас­па­сөз хатшысы Дмитрий Пес­ков “Интерфакске” берген сұхба­тын­да “Lifenews” арнасының тарат­қан бұл ақпаратының шындыққа жана­сатынын жеткізді. “Иә, он­дай шешімнің қабылданғаны рас. Пре­зидент мырза маған бұл жайлы егжей-тегжейлі айтып берген жоқ. Бірақ, бұл оның жеке басына қатысты. Өз қалауы. Мен Президент Владимер Путиннің бұл таңдауын құптаймын. Тіпті, бұл мені де қызықтырып жүр. Мен де қазір Құран оқып үйренудемін”, – дейді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков…

Бұл жаңалықты бөлісуден Шешен­стан Президенті Рамзан Қадыров та құр қалмады. Ол өзінің “Твиттер” әлеуметтік желісіндегі парақшасында “бұрын-соңды мұндай қуанышты жаңалық естімегенін” айтады…

Ал ресейлік саясаткер Сергей Мар­ков: “Біздің Президент тек біздің қамымызды ойлағаннан осы қадамға барды. Осындай кезде сенімді серік бо­ла алатын, біздің саясатымызды қол­дай­тын мемлекеттерді айналамызға топтастыруымыз керек. Ал ішкі сенімге келетін болсақ, Құдай бір екені аян”, – депті…”

…”Депті”-міш…

Бұл – шылғи өтірік. Тіпті, 100 пайыз­дың – 1 пайызы ғана шындыққа жақын­да­ғанның өзінде бұл – Ресейдің мүддесі үшін жасалған саяси қитұрқы саясаттан басқа ештеңе емес. Путин өзінің елі мен оның құндылықтарын “сатпайды”. Ислам дінін де елінің болашағы үшін ғана пайдалануға тырыс­уы мүмкін. Бұған алданбау керек. “Орыстың бетін тереңірек тыр­наса, татарлар шығады” деген қанат­ты сөзді француздар шынайы пейіл­мен айтса, Владимир Путин зәлімдікпен айтты…

Бір нәрсе анық: біріншіден, Кремль – Авдейдің атқорасы емес, онда азу­ла­ры кереқарыс саяси-техно­лог­тар от­ыр. Қараңыз: “Путиннің “ке­нет жоғал­ып кетуі” – саяаткер-оппози­цио­нер Бо­риса НЕМЦОВтың әдейі атылған қа­за­сы мен осыған тікелей қатысты ше­шен қылмыскерлерінің ізін жасырып қалды…

Екіншіден, базбіреулердің: “Путин Назарбаев және Лукашенкомен Украина шиеленісі бойынша Астанаға келіссөзге бірінші рет келмей қалды” – деп, даурығуына да еш негіз жоқ. Өйткені, Украина шиеленісі, бәрібір, басқа форматта шешіледі…

Үшіншіден, Путин қазір елінің ішкі мәселелерімен мықтап айналысып жат­қан секілді. Таяу күндері Ресей би­лі­гінің ең жоғарғы сатыларында ора­сан кадрлік өзгерістер болатынға ұқсайды…

Төртіншіден, 18 наурыз күні Кре­мль­де Қырымның Ресей құрамына кі­руі­не бір жыл толуына байланысты үл­кен мерейтой өтпекші. Украина елі мен жерін сатқан талай дөкейлер бұл басқосуда құрметті қонақ болмақшы. Дәп осы кезде В.Путин елдің алдына шығып: “Мен сіздермен біргемін!”, “Ресейде бәрі тамаша!” – деп, ұзақ қол шапалақтың астында қалады…

Бесіншіден, тап қазір Кремльдің үстінде тікұшақтар ұшып жүр дейді…

…Мінеки, саяси технологияның тау қопарар құдіреті қандай!..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Сүгірбай Нұрман 20 Наурыз, 2015 01:06 Жауап

    шпион адамның ойын кім біліп болған, біздің мәсимада шпиондық ойынды жақсы ойнайды, сондықтан тек өз пайдасының жемісіне ойнайтындар ар мен ұятты сырғытып тек өз жоспарларының жеңіспен аяқталуына ғана жұмыс істейді.

  2. MAIDAN.KZ 25 Наурыз, 2015 19:15 Жауап

    “Қамшы” сайтында Нұрзат ТОҒЖАН былайша сілтеді: “Ресейлік БАҚ РФ Президенті Владимер Путиннің Ис­лам дінін қабылдағаны туралы жаза бастаған еді. РФ Президентінің бас­па­сөз хатшысы Дмитрий Пес­ков “Интерфакске” берген сұхба­тын­да “Lifenews” арнасының тарат­қан бұл ақпаратының шындыққа жана­сатынын жеткізді. “Иә, он­дай шешімнің қабылданғаны рас. Пре­зидент мырза маған бұл жайлы егжей-тегжейлі айтып берген жоқ. Бірақ, бұл оның жеке басына қатысты. Өз қалауы. Мен Президент Владимер Путиннің бұл таңдауын құптаймын. Тіпті, бұл мені де қызықтырып жүр. Мен де қазір Құран оқып үйренудемін”, – дейді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков…

    Бұл жаңалықты бөлісуден Шешен­стан Президенті Рамзан Қадыров та құр қалмады. Ол өзінің “Твиттер” әлеуметтік желісіндегі парақшасында “бұрын-соңды мұндай қуанышты жаңалық естімегенін” айтады…

    Ал ресейлік саясаткер Сергей Мар­ков: “Біздің Президент тек біздің қамымызды ойлағаннан осы қадамға барды. Осындай кезде сенімді серік бо­ла алатын, біздің саясатымызды қол­дай­тын мемлекеттерді айналамызға топтастыруымыз керек. Ал ішкі сенімге келетін болсақ, Құдай бір екені аян”, – депті…”

    …”Депті”-міш…

    ҚАЖЫМҰҚАН СІЛТЕМЕМЕН АЙТЫП ОТЫР ҒОЙ. КӨРЕ АЛМАЙТЫНДАР; ТҰЗ ЖАЛАСЫН!

  3. Болат 28 Наурыз, 2015 22:58 Жауап

    аманбай мырзаға
    24 наурыз, 2015 «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады». Ар-ұят қайда!? «Кімнің ұяты жоқ болса , соның иманы жоқ» (Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с.)

Пікір немесе жауап жазу

сегіз + 11 =