Қарттар үйіндегі ата-анасын жерлеуден бас тартатындар көбейген

1410
2
Бөлісу:

Бүгінгі күні ата-анасын қарттар үйіне тапсырып, қайтыс болғанда жерлеуден бар тартатындар бар. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат директоры Мақсұтхан Дүйсебеков айтты.

 Қарттар үйіндегі ата-анасын жерлеуден бас тартатындар көбейген
Мекеме басшысының айтуынша, 260 адамға шақталған интернаттың іргетасы 1965 жылы қаланыпты. Бүгінгі таңда мұнда бірінші және екінші топтағы мүгедектермен қоса қарттар өмір сүреді.

«Тумысынан мүгедек жандарды 18 жастан бастап қабылдаймыз. Жалпы, мұнда 10 қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік мекеме болғандықтан 100 пайыз мемлекет есебінен қаржыландырылады», – дейді директор.

Мақсұтхан Дүйсебеков мұндағы қарттардың шамамен 10 пайызының бала-шағасы бар екенін айтады. Олар бала-шағасын кезінде тастап кетіп, енді отбасына қайта бара алмай, осында мекен ететін көрінеді.

Өкініштісі, интернат үйіндегі қайтыс болған кейбір қарттарымыз туралы хабар бергенде, оларды жерлеуден туған-туыстары, бала-шағасы бас тартады.

«Интернатта өмір сүріп жатқандардың қырық пайызы қазақтар. Мұнда балалары шетел асып, жалғыз қалғандар, шеттен Қазақстанға көшіп келіп, қараусыз қалғандар, тағдырдың жазуымен бала сүймегендер, тіпті балалары болса да далада қалған қарттар бар. Өкініштісі, интернат үйіндегі қайтыс болған кейбір қарттарымыз туралы хабар бергенде, оларды жерлеуден туған-туыстары, бала-шағасы бас тартады», – дейді мекеме директоры.

Қарттарға арналған мекемеде мүмкіндігінше жағдай жасалғаны байқалады. Мезгіл-мезгілімен тамақ беріледі. Күтім, медициналық көмек бар.

«Мұнда өмір сүріп жатқан әрбір адамның күтімі бақылауда. Бұл үшін мемлекет қаражат қарастырған. Оларға мемлекет тарапынан берілетін зейнетақысын алу үшін әрбіріне арнайы карточка аштырғанбыз. Бұл қаражатты өз қажеттеріне жұмсайды», – дейді Мақсұтхан Дүйсебеков.

Айта кету керек, мүгедек жандардың жақындары артынан іздеп келіп, үйіне алып кететіндері жоқ деуге болады. Қарияларымызды алып кеткен күннің өзінде қайтып келгісі келетіндер бар. Бірақ, талап бойынша оларды қайта қабылданбайды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Кейки - батыр 19 Наурыз, 2015 19:54 Жауап

    За судьбу человек САМ несет ответственность ,дети не причем. Плохо воспитал собственных детей ,если не хотят да же похоронить —очень даже ТЯЖЕЛО обсуждать.

  2. усенова гульбарам 29 Наурыз, 2015 17:38 Жауап

    Ким ашылып сырын айта береди? Баладан да коре беруге болмайды, казыр карттарымызда санимен,акылымен картайып жатыр ма? Мен бир карт адаммен ангимелескенде тусингеним «жеткиздим,асырадым,окыттым. Енди шаруам жок не истеседе ози билсин, енди немере багып, комек колымды созайын деп отырганымжок. Зейнетакым озиме жетеди жан тиыш карттар уйне кетемин » деген еди…. Сонда ол карт адам кимнен кашты? Ол баласын калай жеткизгенин бир алла мен бала биледи…. Карттыктында мани кетти ау осы? Аксакал жонин айтшы? деп жугинетин жас бар,карт жок

Пікір немесе жауап жазу

бір × 4 =