Әбдіхалықова шетелде оқығандар үшін алаңдаушылық білдірді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әбдіхалықова шетелде оқығандар үшін алаңдаушылық білдірді Мемлекеттік хатшы  елбасының бес институттық реформа туралы жариялағанын, олардың қатарында қазіргі заманғы, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі бар екенін атап өтті.

Әбдіқалықова "Болашақ" бағдарламасы арқылы білім алған жастардың әлеуетін аталған бағытта барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігін айтты. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда бағдарлама түлектерінің тек 6,5%-ы (384 адам) мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүр. Бұл көрсеткішті ұлғайту қажет. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың өзекті мәселелері де қаралды. Биыл еліміздегі жоғары оқу орындарына ғылыми кадрларды даярлайтын жаңа Split PhD жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ол Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрлар даярлауға бағытталған. Сондай-ақ "Болашақ" стипендиясы иегерлерін ағылшын тілі бойынша тілдік даярлықтан өткізудің жаңа үлгісін енгізу жоспарлануда.