АҚШ елшісі Назарбаевты қазақшасымен таңқалдырды

Ақордаға алғаш қадам басқан АҚШ елшісі қазақ тілінде сөйледі. Астанаға келгеніне бір айдан енді ғана асқан дипломат ана тілімізді тез үйреніп алған. Джордж Кролдың қазақ тілін білуі Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған басқа әріптестерін таңқалдырды.

АҚШ елшісі Назарбаевты қазақшасымен таңқалдырды Ақордаға бірінші рет келген елшілерге протокол ережесі жіті түсіндірілді. Тыңғылықты дайындықтан соң залға кірген Нұрсұлтан Назарбаев 5 мемлекеттің, атап айтқанда, АҚШ, Кувейт, Пәкістан, Болгария, Сауд Арабиясының жаңадан тағайындаған елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ресми түрде қызметке кіріскенін білдіретін құжатты Назарбаевқа АҚШ елшісі қағазға қараса да қазақ тілінде оқып берді. "Сізге президент Обама мен Америка халқының сәлемін жолдаймын. Сізге сенім грамотасын тапсыру мен үшін зор мәртебе. Сіздің еліңізде еңбек етуге дайынмын", - деді АҚШ елшісі Джордж Крол. Америка елшісіне ризашылығын білдіріп арқасынан қаққан президент те өз баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Мемлекет басшысы дипломаттарға екі мемлекеттің арасындағы байланысты жандандыруға күш салуларын сұрады. "Сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі күрделі кезеңге тап келді. Бұл біздің мемлекет үшін де, өз салмағын салып отырғаны белгілі. Жаңа сын-қатерлер жағдайларында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекеттің дамуын одан ары жүргізу өте қажет болып отыр", - деп атап өтті президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Источник: КТК арнасы