АҚШ елшісі Назарбаевты қазақшасымен таңқалдырды

1894
54
Бөлісу:

Ақордаға алғаш қадам басқан АҚШ елшісі қазақ тілінде сөйледі. Астанаға келгеніне бір айдан енді ғана асқан дипломат ана тілімізді тез үйреніп алған. Джордж Кролдың қазақ тілін білуі Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған басқа әріптестерін таңқалдырды.

АҚШ елшісі Назарбаевты қазақшасымен таңқалдырды

Ақордаға бірінші рет келген елшілерге протокол ережесі жіті түсіндірілді. Тыңғылықты дайындықтан соң залға кірген Нұрсұлтан Назарбаев 5 мемлекеттің, атап айтқанда, АҚШ, Кувейт, Пәкістан, Болгария, Сауд Арабиясының жаңадан тағайындаған елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Ресми түрде қызметке кіріскенін білдіретін құжатты Назарбаевқа АҚШ елшісі қағазға қараса да қазақ тілінде оқып берді.

«Сізге президент Обама мен Америка халқының сәлемін жолдаймын. Сізге сенім грамотасын тапсыру мен үшін зор мәртебе. Сіздің еліңізде еңбек етуге дайынмын», – деді АҚШ елшісі Джордж Крол.

Америка елшісіне ризашылығын білдіріп арқасынан қаққан президент те өз баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Мемлекет басшысы дипломаттарға екі мемлекеттің арасындағы байланысты жандандыруға күш салуларын сұрады.

«Сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі күрделі кезеңге тап келді. Бұл біздің мемлекет үшін де, өз салмағын салып отырғаны белгілі. Жаңа сын-қатерлер жағдайларында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекеттің дамуын одан ары жүргізу өте қажет болып отыр», – деп атап өтті президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Источник: КТК арнасы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 54 пікір жазылған

  1. Маулен 19 Наурыз, 2015 13:05 Жауап

    Ой, азамат! Отын оттап, суын ішіп жүрген елді сыйлау деген осындай болады! біздің көп азаматтарымызға үлгі!

  2. Қазыбек 19 Наурыз, 2015 13:39 Жауап

    Қазақшасымен таңқалдырған Америка елшісінен ұялған болу керек, оған ризашылығын білдіріп, арқадан қаққан Қазақ елі президенті де өз баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасапты…

  3. Канат 19 Наурыз, 2015 13:40 Жауап

    Мени американдыктар оз казакшасымен али 2003 жылы танкалдырды. Булар сойлеу алады, майды егизип.

  4. Алашұлы 19 Наурыз, 2015 14:18 Жауап

    Иә, бұл мойындау екені даусыз, кезінде қазақтың тілі түгілі мемлекет екендігін мойындамаған Америка ғой!

  5. Думан 19 Наурыз, 2015 15:12 Жауап

    Расымен, бәрімізді таң қалдырды. Үйренгені, өзгеге үлгі болғаны дұрыс. Мен бұны мемлекетті сыйлағаны деп білемін.

  6. Айман 19 Наурыз, 2015 15:21 Жауап

    Жарайсың, Джордж. Қазақ тілін үйреніп кетсе, қызық болатын еді. Бұл да бір қуаныш.

  7. Сағым 19 Наурыз, 2015 15:30 Жауап

    Жарадың АҚШ елшісі. Бұл мемлекетті ондағы халықты сыйлағаның. Тілдік қорыңызды әрі қарай жалғастыра беруіңізге тілектеспін.

  8. Венера 19 Наурыз, 2015 15:31 Жауап

    Қазақша сөйлегені Елбасына деген, Қазақстанға деген құрметі ғой, кейбір қаракөз қандастарымызға сабақ болатын жағдай екен.

  9. Сәбит 19 Наурыз, 2015 15:58 Жауап

    АҚШ елшісінің қазақша сөйлегені мемлекеттік тілді ғана емес, қазақтарды сыйлағаны

  10. Берік 19 Наурыз, 2015 15:59 Жауап

    Қазақтардың көбі ағылшынша біледі. Түбінде Қазақстанда қазақ тілі мен ағылшын тілі үстемдік құрады

  11. Болат 19 Наурыз, 2015 16:01 Жауап

    тіл білгеннің артықтығы жоқ. Ол керісінше, адамның жан-жақты өсуіне ықпал етеді

  12. Майра 19 Наурыз, 2015 16:04 Жауап

    Таңқалып қана қоймай, мұндай құрметті мақтауымыз қажет. Мадақтауға тұрарлық әрекет танытты.

  13. Мерей 19 Наурыз, 2015 16:14 Жауап

    Тілімізді құрметтеп міне, елдің құрметіне ие болып жатыр. Жаман бастама емес. Басқамызға үлгі көрсетті.

  14. Ардак 19 Наурыз, 2015 16:28 Жауап

    Бұл кісінің қазақша сөйлеуі ең біріншіден қазақ халқына деген құрметін көрсетіп тұр. Мақтауға тұтарлық іс.

  15. Дархан 19 Наурыз, 2015 16:30 Жауап

    Очень хороший пример он показал не только людям других стран но и нашим, которые не разговаривают на казахском. Уже его уважают за это а Казахстане.

  16. Коксен 19 Наурыз, 2015 16:34 Жауап

    АҚШ елшісі өзінің ең біріншіден Елбасына, содан кейін қазақ халқына осылайша құрметін көрсетіп тұр. Жарайсың!

  17. Данеля 19 Наурыз, 2015 16:36 Жауап

    Очень рада что есть такие люди которые так верны своим работам. Благодаря этому он уже получил уважение народа. Так держать.

  18. Қонақ 19 Наурыз, 2015 16:56 Жауап

    Елшінің қазақша білгені дұрыс. Бірақ қазақстандық балаларды АҚШ-қа асырап алуды жалғастыру керек дегені тіптен ұнамады

  19. Ахмет 19 Наурыз, 2015 17:00 Жауап

    Империялардың саясаты түсінікті. Олар өздерінен әлсіз елдерге әрқашан үстемдік көрсеткісі келген

  20. Заман 19 Наурыз, 2015 17:02 Жауап

    Қазақша сөйлесе жақсы. Жоғарыда біреу айтқандай балаларды асырап алуды ұсынған ниеті шынында да жаман екен

  21. Алтын 19 Наурыз, 2015 18:00 Жауап

    «Алдыңғы арба қалай жүрсее…» Естеріңізде болса, бұған дейінгі америкалық елші де қазақша тәп-тәуір меңгеріп алған. Бұл жолғы елші де қазақ еліне құрметін білдіріп жатыр екен. Енді өзіміздің қазақтар өз тілінде толық сөйлесе дейміз.

  22. Арман 19 Наурыз, 2015 18:25 Жауап

    Действительно горжусь своей нацией ,после такого поднимается дух патриотизма

  23. Ғалым 19 Наурыз, 2015 18:28 Жауап

    Америка Қазақстанның Ресейдің ықпалынан шыққанына мүдделі. Сондықтан американдықтар қазақтардың өз тілдерінде сөйлеп орыс тілінен бас тартқандарын қалайды. Әрі бұл Ресейге жасап жатқан бойкоттың бір түрі шығар. Неге олар өзге елдермен қарым-қатынаста орыс тілін қолдануға тиісті? Мүмкін, содан да олар әдейі қазақ тілін білетін адамды елші қылып, сол арқылы қазақтардың өз тілдерінің қолданыс ауқымын кеңейтіп орыс тілінен құтылуларына көмек беріп жатқан шығар. Не де болса бұл біз үшін жақсылық.

  24. Беке 19 Наурыз, 2015 22:37 Жауап

    Бауырым,ұйқың қашқан соң таң атқанша әр түрлі атпен пікір жазап ермек еткенсің бе?!

  25. Күдік 20 Наурыз, 2015 00:59 Жауап

    Қалай болар екен? Біреу қазақша сөйлесе сене кету,мақтай жонелу жақсы әдет емес ау осы! Ұлтыңның атынан біреулер өз тіліңмен сөйлеп, ұлтың үшін өзің емес, өзгелер шешім қабылдап тұрса ,жақсы емес ау,

  26. Даулет 20 Наурыз, 2015 11:44 Жауап

    Оте куантатын жайт. Казак тилин менгерип, казакша сойлегени ултка деген сый курмет.

  27. Болат 20 Наурыз, 2015 11:46 Жауап

    Біздің дипломаттарымыздың қазақ тілін қақпайтындарында бір кило ұлттық намыс, бір кило ұят болсайшы. Оңбағандар!

  28. Айдар 20 Наурыз, 2015 17:14 Жауап

    Елдің абройымен Елбасымыздың беделі байқалып тұрмайма, кеудемді бір мақтаныш сезімі толқытып тұр.

  29. Сәкен 20 Наурыз, 2015 17:14 Жауап

    Мемлекеттік тілді білмей үміткер болғысы келген кейбір азаматқа мына жордж Кролдың алдында тұру ұят шығар.

  30. fashion 20 Наурыз, 2015 17:15 Жауап

    Қалай болғандада елді силай біледі екен, осындай силастыққа жеткізіп, осындай өреге көтерген Елбасымызға рахмет айтқым келеді.

  31. Арналым 20 Наурыз, 2015 17:16 Жауап

    Қазақтың тілін, елін құрметтейтіндерді көріп, еліміздің қаншалықтың жағыдайға жеткенін байқауға болатындай, керемет, қуаныштымын.

  32. Руза 20 Наурыз, 2015 17:51 Жауап

    Әу бастан осылай істеуге несі кедергі болды екен? Рухының, ұлттық санасының төмендігі шығар. Басқа айтарға сөз де жоқ. Барлық шетелдіктермен қазақ аударма арқылы сөйлессе кім соғыс ашыыпты?

  33. Дәуір Жақан 21 Наурыз, 2015 19:48 Жауап

    «АҚШ Елшісі ертең қазақ тілінде сөйлемекші» дегенді естіген соң біздің «көсем» сөзін қазақша дайындатқан да. Әйтпесе, нешеме елдің Елшілері алдына қазақ боп шықпас еді. Егер естеріңізде болса, ол былтыр да, биыл да өзіміздің шенеуніктермен жеке әңгімелесенде, мысалы, Ахметовпен, Мәмимен, Дауылбаевпен, Қожамұратовпен… бастан-аяқ орыс тілінде сөйлесті емес пе?! АҚШ оны тәубасына бір түсірді, арғысын көре жатармыз.

Пікір немесе жауап жазу

14 − екі =