Қарағандылық Кәмшат Қоскелова "Қазақ аруы" атанды

Астанада "Қазақ аруы -2015" сұлулық байқауы өтіп, жеңімпаз анықталды.

Қарағандылық Кәмшат Қоскелова

Танымал продюсер Баян Есентаеваның жетекшілігімен өтетін қазақ қыздарының сұлулық сайысында Кәмшат Қоскелова жеңіске жетті. "Таңдау жасау өте қиын болды. Ендігі қазақ аруы - Кәмшат Қоскелова", - деп жазады продюсер өз парақшасына. Кәмшат Қарағанды облысының атынан сынға түскен болатын. Қарағандылық Кәмшат Қоскелова "Армандар орындалады! Жеңісімді ата-анама, халқыма арнаймын. Қазақ қыздары жасасын", - деді қазақ аруы атанған Кәмшат Қоскелова желідегі парақшасында. Былтыр бұл сайыста Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанған еді. Биылғы "Қазақ аруы" байқауына барлығы 26 ару қатысты. Жеңімпазға арнайы дайындалған тәж пен басқа да құнды сыйлықтар тарту етілді.

Источник: NUR.KZ