Алтынбекова Азия құрлығындағы ең сұлу спортшылардың қатарына енді

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның Sportsatu.com порталының тізген тізімі бойынша Азия құрлығындағы ең сұлу спортшылардың қатарына қосылды.

Сұлулығымен Азия жұртшылығын таңқалдырып жүрген отандасымыз Сәбина Алтынбекова бұл тізімнің көшін бастап тұр екен. Одан кейін футболдан Қытай әйелдер құрамасының қақпашысы Чжао Лина орналасса, үшінші орынды үндістандық шахматшы, халықаралық деңгейдегі гроссмейтер үндістандық Таниа Сачдеа түіндеп тұр. Бұл спортшылардан бөлек аталмыш рейтингтке индонезиялық бондминтоншы қыз Рики Амелиа Прадипта, суға секіруден Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы қытайлық Го Цзинцзин және мәнерлер сырғанаудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы және 2010 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері жапониялық спортшы Мао Асада да бар.

Источник: Алаш Айнасы