12 жылға созылған телехикая көрермендерімен қоштасты

12 жыл бойы әлемдік сұраныста болған "Көкжалдар мекені" телехикаясы өз мәресіне жетті деп хабарлайды 24.kz.

12 жылға созылған телехикая көрермендерімен қоштасты
Танымал хикая 2003 жылдың 15 қаңтарында "Бұл мафия туралы телехикая" деп басталған болатын.
Басты рөлдегі Полат Алемдарды сомдаған Неджати Шашмаз телехикаядан кетпек. Бұны ол өзінің шаршағандығымен түсіндіреді. Түркиялық телехикаяның 250-бөлімі көрермендерге жол тартты. Ал "Көкжалдар мекенінің" маусым соңы болса фильмнің соңымен аяқталмақ. Сөйтіп, аты аңызға айналған телехиканың орнын "Қара жәшік" телехикаясы баспақ. Айта кетсек, "Көкжалдар мекені", "Қара жәшік" телехикаялары - Неджати Шашмаз басқаратын кинофильмдер түсіретін орталықтың туындылары.

Источник: 24.kz