М.ШАХАНОВ ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Сәрсенбі, 11 Наурыз 2015 05:04
М.Шаханов ислам әлемінің сыйлығымен марапатталдыАСТАНА. 11 наурыз. E-islam.kz - Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов Пакистан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында ғаламдық дара парасат иелеріне берілетін «Ислам әлемінің Ыстанбұл» сыйлығымен марапатталды.
Халықаралық қауымдастықта өзіндік жоғары беделі бар TASAM басқармасының арнайы шешімімен биылдан бастап берілген бұл жоғарғы тұңғыш сыйлықты Мұхтар Шахановқа салтанатты жиында Пәкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейн табыс етті. Пәкістан Президенті Мұхтар Шахановтың бүкіл мұсылман әдебиетіндегі ерекше дара тұлға екенін айта келіп, ақынды рухани жеңісімен құттықтады. e-islam.kz