ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ САЙЫН  БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛАТЫН ҚАЙРАН ТІЛІМ!..

2175
22
Бөлісу:

ОППОЗИЦИЯНЫҢ СОҢҒЫ ҮМІТІ ЖАРМАХАН МЫРЗАТАЙДЫҢ МЫЗҒЫМАС ҚАМАЛЫНАН ӨТЕ АЛАР МА ЕКЕН?!.

QAISAROV  Иә, бес жылда бір рет,  Президент сайлауы сайын біздің мемлекет Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін еске түсіреді.  Әшейінде Конституциямен бекітілген қазақ тілін білуді талап QASYMOVеткендерді…  талап тастайтын билік президенттік сайлау кезінде ғана мемлекеттік тілді білу талабын қуана-қуана құптап, құлшынып тұрып қолға алады. Осы талаптан  оңбай құлаған сайын орыстілді оппозиция мемлекеттік тілді үйрену туралы ойланады…  Бірақ бәрі тіл сынағынан шыға сала  бәрін естен шығарып… Ресей тілінде сайрап кете барады…  МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САЙЛАУЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНЫҢ БІРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІНІҢ ӨСІП ҚАЛУЫ!!!  ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ БЕС ЖЫЛ САЙЫН  БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛАДЫ…

Бұл Мырзатай көкемнің жұлдыз болатын  айы!  Мырзекең кілең қазақша қақпайтындарды, әсіресе, құйрығына қоңырау байланғандарды рахаттанып тұрып, айызы қанып тұрып құлатады-ай шіркін!!! Мырзекеңді тыңдап отырсаңыз, өзіңіз де арқаланып, әлгі  ана тілдерін білмейтін, ана тілдерінде сауатты жаза алмайтындарға сен де қосылып, тағы бір «2» қойғың келіп кетеді…

Бұның алдында да, 2011 жылы да солай болған… Мырзекең есімін ешкім білмесе де, ел басқарамын дегендерді шетінен қиратқан… Ел білетін Уәлихан Қайсаровтың өзі қазақ тілінен  28 myrzatai қате алғанда қабырғамыз  қайыса қойған жоқ…  «Мемлекеттік тілді білмесең, мемлекетті қалай  басқармақсың, сауап болды» дедік. Сөйтіп, айтып, ауыз жапқанша, қазақша қақпайтын, ана тілінде нан сұрай алмайтын сенатор Ғани Қасымов тіл сынағынан зу-у-у  етіп, өте шыққанда… Қайсаровқа қайыса қоймаған қабырғамыз… морт  сынып түсті… Сол кезде ғой, » ҚАЗАҚТЫҢ БЕТІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ, МЫРЗАТАЙ МЫРЗА?!.   http://www.qazaquni.kz/?p=5629   деген  мақаламен шер шығарғанымыз…

Иә, биыл Уәлихан Қайсаров тағы да құлады. Бұл жолы ол өзінің мемлекеттік тілді әлі толық меңгермегенін анық танытты және өзі де мойындағандай болды.  Сонымен, оппозицияның атынан түсетіндердің ақыры көрініп қалды…  Бұның алдындағы президент сайлауында да солай болған… Сол кезде де  “ҚОШ БОЛ, ОП-ПО-ЗИЦИЯ!..”   http://www.qazaquni.kz/?p=5606  деп, қоштасу сөзін айтқамыз.  Мемлекеттік тіл комиссиясы дәл осылай тура, әділ болатын болса, аяқ астынан айнып кетпесе… онда Ғани Қасымов пен М.Елеусізовтерге, М.Телибековтерге ешқандай жол жоқ биыл…  Айтпақшы, оппозицияның соңғы үміті Жармахан Тұяқбайда…  jarmahan Бірақ  біз білетін Жармахан мырза мемлекеттік тіл сынағынан, дұрысын айтқанда Мырзатайдың мызғымас қамалынан өте алар ма екен?!. Бірақ, 2005 жылы өтіп еді ғой ол кісі… Енді, өтсе де, өтпесе де,  елеусізовтер  сияқты елеусіз   өткізіп жібермесек, жаһанға жар салып жатқан президент сайлауымыздың салмағы бола  қояр ма екен?..

Тағы да «мемлекеттік тілді  меңгермеген  өздеріңе сол керек» деп жайбарақат отырмыз.  Біреулер «кезінде ол кісі қалай сенатор болған» деп, Қайсаровты қажап  қояды… Осындай да жөнсіз сұрақ болады екен ғой… Ау, депутат болмақ түгілі, үкімет басшысы болу үшін,    министр болу үшін,  әкім болу үшін… жалпы мемлекеттік қызметкер болу үшін кім сенен «мемлекеттік тілді меңгергендігіңді» сұрайды?  Ондай мемлекеттік тілден сынақ түгілі сұрақ та қойылмайды саған…  Тек Ресей тілін білсең болды… Өйткені,  сені жұмысқа қабылдайтындар сенімен мемлекеттік тілде емес… Ресей тілінде сөйлеседі…  Сонда ол лауазымды қызметте істейтіндер біздің елдегі ең жоғарғы лауазым -мемлекет басшысына қойылар талапты керек етпейтін де болғаны ғой…  Себебі, бізде Атазаңымызда мемлекеттік тіл туралы бап болғанмен, соған сай мемлекеттік тіл туралы заң жоқ. Ал «Ақ жол» партиясының «Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасын 2012 жылы мамырда Үкімет парламентке жібермей, тоқтатып тастаған…

Қой, осы жерден тоқтайық енді… Біз Мырзатай көкемді мақтап, бес жылда  бір өсіп қалатын  мемлекеттік тілдің мерейімен бірге жалымыз көтеріліп, жайбарақат  отырғанда…  жалт етіп Ғани Қасымовтар өтіп кетпесін…

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 22 пікір жазылған

  1. Абырой-ұлы Бақыт 10 Наурыз, 2015 17:43 Жауап

    «Президент сайлауы тұсында қазақ тілінің мәртебесі бір көтеріліп қалады» дегенмен келіспеймін. Ең жоғары мемлкеттік лауазымға үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін емтихан арқылы тексеру – сол тілдің сорлылығының тікелей көрінісі.
    Бас қаланың бір ауданының әкімдігіне бас мамандыққа тестілеуден өтіп барған үміткерді конкурстың әңгімелесу кезеңінде «орыс тілін білмейді екенсің» деп қайтарып жібергенді де көрген шыққыр көзіміз. Ал осы уақытқа дейін қазақ тілін білмегені үшін қызметке алынбай қалған біреу болды ма? Жоғары жақта қазақ тілін білмейтін басшы көп. Ең жоғары лауазым саналатын алғашқы бестіктің өзінде бірнешеуі жүр. Ал орыс тілін білмейтін бір жоғары лауазымды басшыны атай аласыз ба? Жоқ. Неге?..

  2. Ақниет 10 Наурыз, 2015 18:05 Жауап

    Мемлекеттік тіл дейсіз, басқа ұлт өкілдеріне солай ақ болсын. Ал ұлты қазақ азаматтарға ол жай ғана мемлекеттік тіл емес, ана тілі! Заң бар ма жоқ па өз тілін білу керек, тіл білмейтін басшыға жол болмау керек. Уалиханов мырзаға келсек, сонша уақытта жөнге келтірмесе қазақ тілін одан ел түзейтіндей әрекет күтудің керегі жоқ сияқты

  3. admin 10 Наурыз, 2015 18:11 Жауап

    БЕС ЖЫЛ САЙЫН БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛАТЫН ҚАЙРАН ТІЛІМ!..
    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ САЙЛАУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНЫҢ БІРІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕРЕЙІНІҢ ӨСІП ҚАЛУЫ!!!
    Иә, бес жылда бір рет, Президент сайлауы сайын біздің мемлекет Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін еске түсіреді. Әшейінде Конституциямен бекітілген қазақ тілін білуді талап еткендерді… талап тастайтын билік президенттік сайлау кезінде ғана мемлекеттік тілді білу талабын қуана-қуана құптап, құлшынып тұрып қолға алады. Осы талаптан оңбай құлаған сайын орыстілді оппозиция мемлекеттік тілді үйрену туралы ойланады… Бірақ тіл сынағынан шыға сала бәрі естен шығып… Ресей тілінде сайрап кете барады…

  4. Інкәр 10 Наурыз, 2015 18:49 Жауап

    Ақниет, дұрыс айтасың. Қазыбек ағамыз сол үшін де «…әлгі ана тілдерін білмейтін, ана тілдерінде сауатты жаза алмайтындар…-деп сынап отырған жоқ па? Рахмет, Қазыбек аға! Орыстілді билікті де, орыстілді оппозицияны да қосақтап сойыпсыз…

  5. Алсерке Ибрахим 10 Наурыз, 2015 21:15 Жауап

    Биздин мемлекетмзде преиденттин жане депутаттардын Масимовтын тактарын жеке меншиктериме?Неге халыкка биликти бермеиди беруге коркады деген угымпайда болды.Бугинги танга дейн Акордадан бастап молага дейнги аралыктагы барлык саланы жемкорлык жайлады.Ат тобелндей опасыздар, жерди, жетмдерди, кыздарымызды сатып жесирлермизди жылатумен айналысты.Барлык калаларымызды жезокшелер жайлады.Баска улттармен, Ассамблеямен, жане уш тугырлы тилмен мактану биликтегилердин жеке бастарыннын камы ушин кажет.Осы улттарды алдаудын кесириннен казак халыкы гана зардап шекти.Себеби ана тилиннен айырлуда, ултсыздануда.Откен гасырлардагы текти казактын урпактары едик, оянындар казактар.Жеримизге еге болайык, казактын дана, дара туган азаматтарыннан президент сайлауымыз кажет.

  6. о 10 Наурыз, 2015 21:32 Жауап

    Уалиханды,жаксы адамды кулатканы болмады.торе тукымы болган гой шамасы .онбай кулатты.

  7. Алсерке Ибрахим 10 Наурыз, 2015 23:40 Жауап

    Откен гасырларда казак халыкы кудасын кудайындай силаган касиетти халык атанган.Бугинги танда коптеген казактарымыз, тилиннен безип, салт дастуриннен шошынды.Ултымыздын арасында мангурт казактар пайда болды.Мухтар Шаханов айтпакшы Т Ж саткындар кобейуде.Откен гасырларда казактардын басына, бак болып конган уш билери болды, олар Толеби, Айтеке, Казбек бабаларымыз еди, тарихымыздан оз орындарын алды.Бугинги тандагы казактардын бии Мухтар Шаханов екенин мойындауымыз кажет.

  8. Алсерке Ибрахим 11 Наурыз, 2015 01:07 Жауап

    Кай елдин президенти болсада сол мемлекеттин тилинде сойлеп байыргы улттарды силау керек.Окинишке орай бугинги танда биздин елимзде баскаша сипат алуда.Жолдас Назарбаев азанда казакша сойлесе, тус кайта елмиздеги турып жаткан, орыстар жане дининен безген шала казактар, казакша куран окыр еди. Адилетсиз жуйеден азгындар айырлмау ушин билгендерин истеп багуда, халык сыншы, таразылап багасын койып отыр. Ен окнштиси озиннен шыккан жау жаман. Биликтеги казактардын ана тилимизе сойлемей азгындауы, ултымызга касрет уын сеуп отыр.Кинали адамдарды киели ата бабалармыздын аруактары урып, тубинде жауап береди.

  9. Сенбек Сансызбайұлы 11 Наурыз, 2015 09:24 Жауап

    Лингвистикалық комиссия ОСК жанында болғаннан кейін, барлық депутат болатын кандидаттар да өтуі тиіс. Осындай комиссия Президент әкімшілігінде де /саяси бағыттағы қызметкерлер үшін/, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында да лингвистикалық комиссия / болашақ министрлер, жауапты хатшылар, вице-министрлер, комитет, департамент басшылары үшін/ болуы тиіс. Сонда өз ана тілін аяққа таптап жүргендерге керемет соққы болар еді.

  10. Тілек 11 Наурыз, 2015 10:22 Жауап

    Қазақ тілінің мәртебесі қай кезде де биік болуы тиіс. Басқа-басқа үміткерлер сайлау кезінде тілдің қадірін түсіріп жатыр. Тіл білмегенді маңайлатпау керек, ел деңгейіндегі дүниелерге… Солай! Тілім – туым!

  11. зара 11 Наурыз, 2015 11:22 Жауап

    Шынында да өз ұлтымыздан, өз қанымыздан жаралған адамдардың сыннан сүрініп жатқаны қуанарлық жағдай емес.Осыншама намыссыз болармыз ба

  12. Майра 11 Наурыз, 2015 11:25 Жауап

    Бұндай сауатсыздарға уақытты босқа шығындамай ақ, бірден Елбасын сайласа ғой.

  13. Ali 11 Наурыз, 2015 12:07 Жауап

    Енді Елбасы қашан өз кандидатурасын ұсынады екен? Нұрсұлтан Әбішұлы екі тілде де күшті сөйлейді

  14. Алсерке Ибрахим 11 Наурыз, 2015 14:17 Жауап

    БУГИНГИ ТАНДАГИ КАЗАКТАР НУР ДЕП АТАЛАТЫН ИНДЕТКЕ ОЗДЕРИ БАРЫП УРНУДА. ЕЛ КАРАЖАТЫН УНЕМДЕУГЕ КЕЛГЕНДЕ АЛДЫМЕНЕН ТОМЕННЕН БАСТАП КЫСКАРТУ БЕЛЕНАЛАДЫ. КАЗАКТАРДЫ РУГА БОЛИП АРАЛАРЫНА СЫНА КАГУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТОПТАРДЫН АМАЛЫ БАРИМИЗГЕ КЕСИР АКЕЛУДЕ. АТАП АЙТАР БОЛСАК, ОТКЕН ЖЫЛДАРЫ КЫЗЫМЕТИН ОСУ УШИН КОРПУСКА БОЛУ БАСТАЛДЫ. БУЛДЕГЕНИН ХАЛЫКТЫН АРАСЫНДАГЫ САУАТТЫЛАРГА ЖОЛ БЕРМЕУ. ОТКЕН ЖЫЛЫ А КОРПУСЫНДАГЫ АКЙМДЕРДИ ЖЕМКОРЛЫКПЕН АЙНАЛЫСЫП ЖУРМЕСИН ДЕП ЖОЛДАС НАЗАРБАЕВ АЙЛЫКТАРЫН ЕЛУ ПАЙЫЗГА КОБЕЙТКЕН ЕДИ , КЕРИСИНШЕ БИЛИКТЕГИЛЕРДИН КОЗДЕРИН КАНТАЛАП КЕТТИДЕ ОЗДЕРИ БАРЫП ТЕМИР ТОРГА УРЫНУДА . ЕНДИГИ ЖЕРДЕ ЕЛ КАЗЫНАСЫН УНЕМДЕУ УШИН А КОРПУСЫНДАГЫЛАРГА ОРЫНСЫЗ БЕРИЛГЕН ЕЛУ ПАЙЫЗДЫ ТОКТАТУ КЕРЕК. КАЗАКТЫН МАКАЛЫ БАР ЕМЕСПЕ , БАСШЫСЫ КУЗГЫН ЕЛДИН, ХАЛЫКЫ АЗГЫН БОЛАДЫ, ЖЕРИ ТОЗГЫН БОЛАДЫ ДЕГЕН . АТА БАБАЛАРЫМЫЗ ДУАЛЫ АУЫЗГОЙ , ШЫНДЫКТЫ ДОП БАСЫП АЙТКАНЫ.

  15. сәкен 11 Наурыз, 2015 14:27 Жауап

    мырзатайлар батыраштығын қоймайды. тапсырма солай шын додаға түсуге қорқатын басшыдан еш үміт жоқ. жағымпаздар мен суайттар билеген ел қайдан оңады.

  16. Рабиға 11 Наурыз, 2015 15:36 Жауап

    Мемлекеттік тілді дамыту әрқашан Президентіміздің аузында. Ол кісі ешқашан ұмытпаған, ұмытпайды да. Менің дауысым Назарбаевқа.

  17. Дария 11 Наурыз, 2015 16:31 Жауап

    Оз тилин толыгымен билмей тура, елге жар салып кандидат атанып келген адамдарга оз тилин билмей емтиханнан кулаган оте терис коринис. Казакстанда турып казакша сойлемегени ма сонда? Оз тилимизди билмей тура баска улт окилдерине калайша казак тилинде сойле деп айта аламыз.

  18. Дархан 11 Наурыз, 2015 16:33 Жауап

    Надеюсь после этих выборов кандидаты которые захотят баллотироваться в Президенты подумают, и заранее подготовятся прежде чем сдавать экзамены…

  19. Мұқитұлы 12 Наурыз, 2015 14:39 Жауап

    “орыс тілін білмейді екенсің” деп қайтарып жібергенді де көрген шыққыр көзіміз.» – Мұндай сорақылық әлемнің еш елінде жоқ шығар. Өз ана тілін қор санайтын,өзге тілді зор санайтын тек бізде ғана бар.Не деген сорлы ел едік. Қазақ тілі өз Тұғырына қонғанша қазақ та құрып кетер!

Пікір немесе жауап жазу

он алты + 16 =