Әсем Париждың ластығы әнші Сәкен серінің наразылығын тудырды...

saken

Қазақстандық белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Франция астанасынан жағымсыз әсер алған. Бұл туралы ол «Хабар» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының тілшілеріне берген сұхбатында айтты  "Алаш айнасы"Әншінің айтуынша, әлемді аузына қаратқан Париж оның жиіркенішін туғызған. «Ауылдағы арматураның барлығын жинап қоя-қоя салған сияқты. Ластығы, тазалықтың жоқтығы менің жүрегіме қатты әсер етті. Менмұндалап, әдемі болып тұрса да,  тазалық болмаған жерді жақтырмаймын», — деді әнші. Сонымен қатар, Сәкен Майғазиев Эйфель мұнарасының ішіндегі мейрамханалар тазалығының төмен деңгейде екеніне көңілі қалғанын айтты. Осылайша, талайдың бір көру арманы болған әсем Париждың ластығы қазақ әншісі, Франция астанасында алғаш ән шырқаған Әміренің бүгінгі жалғасы  Сәкен серінің наразылығын тудырды...

qazaquni.kz

Дереккөз:  Nur.kz *Тақырып өзгертілді