"Қартайды, қайғы ойлады, ұлғайды арман..."

Депутаттар қартаюға қорқатындарын айтып күрсініп отыр. Өйткені, елімізде қарияларға мүлдем жағдай жасалмаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Депутаттар қартаюдан қорқатындықтарын айтып күрсінді Қазір ұл-қызына да қоғамға керексіз боп қалған миллионнан астам қарт үйлерінде қамалып отыр. Өздері де орта жастан асып қалған мәжілісмендер бұған қатты алаңдаулы. Халық қалаулылары тіпті Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріне сауал жолдап, осы мәселені шұғыл шешуін сұрады. Қазақстанда 1 миллион 777 мың зейнеткер бар екен. Оның 7 мыңы қарттар үйінде тұрады. Егде жастағы кісілердің басым бөлігі бүгінде жалғыздықтан жапа шегуде. Өйткені, олар бір-бірімен кездесіп, әңгімелесе де алмайды. Елімізде қарттардың басын қосатын қоғамдық клубтар мен демалыс орындары қарастырылмаған. Ал зейнеткерлердің мәселесін қарайтын мекеме мүлдем жоқ. Сондықтан біздің қариялар әлеуметтік, тұрмыстық шағымдарын қайда барып айтарларын, тіпті кімнен көмек сұрарларын да білмейді. Мемлекеттік бағдарламаның бірінде де олардың жағдайы ескерілмеген. Қарттарды күтуде дамыған шет мемлекеттерден үлгі алуымыз керек дейді депутаттар. "Дүние жүзінде қарттармен жұмыс жасайтын жеке ұйымдар министрліктер бар. Бізде ондай министрлік жоқ. Мен де жақсы қартайғым келеді. Өзімнің қолымда 89 жастағы шешем бар. Сол кісіні әлпештеп, қолымда ұстап отырмын. Ертең менің де ұлым өзім солай қарағанын қалаймын", - дейді мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

Источник: КТК