Коттоның бапкері өз шәкіртінің Головкинді жеңетініне 100 пайыз сенімді

Бапкер Фредди Роуч  WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өз шәкірті америкалық кәсіпқой боксшы Мигель Коттодан жеңілетініне сенімді.

Коттоның бапкері өз шәкіртінің Головкинді жеңетініне 100 пайыз сенімді

"Головкинмен болатын жекпе-жек Коттоның кеңесшісі Пенагариканоға байланысты. Мен келіссөздерге жауап бермеймін. Ал, Коттоның Головкинді жеңетініне 100 пайыз сенімдімін. Мен қарсылас таңдауға араласа алмаймын. Сондықтан біз бірінші алдағы жекпе-жекті жеңуіміз керек" деді Роуч. Сондай-ақ, ол Головкинді сексенінші жылдардың ең үздік боксшысы саналған Марвин Хаглер сынды дәрежеге жете алады ма деген сауалға да жауап берді. "Жоқ. Ол мықты, болашағынан үміт күттіретін боксшы. Бірақ, оның қарсыластары тым әлсіз болды. Мен Коттоны Головкинге қарсы дайындап жатырмын. Генаның рингтегі тапқырлығы керемет, бірақ ол әлі толықтай жетілмеген" деді бапкер журналистерге берген сұхбатында.

Источник: BAQ.KZ