Түрмеде тәртібі жақсы болған Серік Баймағанбетов бостандыққа шықты

Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы Серік Баймағанбетов түрмеден шартты түрде мезгілінен бұрын бостандыққа жіберілді, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Түрмеде тәртібі жақсы болған Серік Баймағанбетов бостандыққа шықты Серік Баймағанбетов

"Жалпы, ол бұдан бір ай бұрын бостандыққа шығарылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.  Баймағанбетовты бостандыққа шығару туралы шешімді Қарағанды соты қабылдаған деп хабарлайды ҚазТАГ. Еске сала кетсек, Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов Қарағанды облысындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған түрмеде отырған. Баймағанбетов 2012 жылы аса ірі мөлшерде пара алған деп айыпталған және 2013 жылы 8 қаңтарда Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотымен Қылмыстық кодекстің 311 бабы 5 тармағы бойынша айыпталып, мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей 10 жылға сотталған. Одан басқа, ол 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды. КТК арнасының хабарлауынша, түрмеде үш-ақ жыл отырған Серік Баймағамбетов Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістердің арқасында кесілген жазаны толық өтемейтін болды. Кейін Қарағанды облысындағы колония басшылығынан қысым көрдім деп арызданғаны да есте. Ақыры Қарағанды қаласындағы тергеу абақтысына ауыстырылған экс-шенеунік кесілген жазасының жартысын да өтемей бостандыққа шығып отыр. "Өзгерістерге сәйкес оның жасаған қылмысы басқа бап аясына енді. Нәтижесінде мерзімі 5 жылға қысқарды. Қамауда оның жартысы, 3 жыл отырғанын және өзін жақсы жағынан көрсеткенін ескеріп, сот оның арызын қанағаттандырмауға негіз тапқан жоқ", - дейді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева.

Источник: NUR.KZ