Ұлттық арнаның неліктен үнді сериалдарын көрсетуге құмар екені анықталды

Қазақстанда үнді сериалдарын көрсету түрік сериалдарына қарағанда біршама арзан. Бұл туралы бүгін "Қазақстан" ұлттық телеарнасы" АҚ басқармасы төрайымының бірінші орынбасары Ләззат Жүнісова мәлім етті.

 Ұлттық арнаның неліктен үнді сериалдарын көрсетуге құмар екені анықталды Оның атап өтуінше, "Қазақстан" телеарнасы "Келін" телесериалын одан ары көрсету, көрсетпеу мәселесін жаңа телевизиялық маусым басында қабылдайтын болады.

"Біз әруақытта да көрерменнің қалауына баса мән береміз. Егер көрсеткіштер біздің күткен нәтижеге сай келсе, онда біз көрсетілімді жалғастыра береміз. Ал егер көрсеткіш біздің жоспардан төмен болатын болса, онда көркемдік кеңес шешім қабылдайды", - деді ол. Сонымен қатар, ол "Келін" сериалын көрсету құны коммерциялық құпия болғандықтан жария ете алмайтындығын айта келе: "Біз сериалды құқық иеленушіден тікелей сатып аламыз, сондықтан бағасы түрік сериалдарына қарағанда біршама арзан. Бұған қоса, біздің арнамызда үнді сериалдарының рейтингі жоғары", - деді. Оның айтуынша, Үндістанда сериал түсіру Түркияға қарағанда біршама арзан. "Мәселен, "Сүлеймен сұлтан" сериалының бір сериясының құны шамамен - 600 мың доллар. Ал бізде бір серияны түсіруге шамамен 25-30 мың доллар кетеді. Үндістандық әріптестерімізден білуімізше, оларда да бір серия түсіру құны Қазақстандағы бағамен шамалас", - деді Ләззат Жүнісова.

Источник: ИА "Казинформ"