Қанат Ислам шапан таңдау үшін жанкүйерлерден көмек сұрады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 23 наурызда өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Қанат Ислам шапан таңдау үшін жанкүйерлерден көмек сұрады Кездесу қарсаңында отандасымыз жаңадан тігілетін шапанының екі түрлі дизайнын жанкүйерлерінің таңдауына ұсынды. Таңдап алынған дизайн бойынша жаңадан шапан тігіліп, алдағы жекпе-жегінде киіп шығады.

Спортшы шапанның үлгісін жанкүйерлері таңдап бергенін қалап, екі дизайнның біріне дауыс беруді сұрап отыр. Қанат Ислам шапан таңдау үшін жанкүйерлерден көмек сұрады Естеріңізге саламыз, Қанаттың келесі жекпе-жегі қай мемлекетте өтетіндігі туралы нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, Доминикан Республикасы, Колумбия немесе АҚШ болуы мүмкін. Боксшының демеушісі Бауыржан Оспановтың айтуынша, тағы бірнеше кездесуден кейін чемпиондық белбеу сарапқа салынатын жекпе-жектерге қатыса бастайды.