ШАРДАРАДАН ШЫҚҚАН ДЕМОКРАТ ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ҮМІТКЕР

Бұрынғы Қазақстан азаматшасы Польша президенті атануға үміткер

musulmanka_iz_kazakhstana_uchastvuet_v_vyborakh

Польшадағы президенттік сайлауға үміткерлер ішінде қазақ қызы да бар. Ұлты қазақ Балли Мажец Польшадағы қазақтар қауымдастығына басшылық етеді. Мұндай ақпаратты NewsBalt интернет порталы таратты.

Балли Мажецтің Польшадағы қазақ қауымдастығына басшылық етіп келе жатқанына 12 жыл болған. Ол адам құқығын сақтау және посткеңестік мемлекеттердегі демократиялық өзгерістер мәселесімен айналысатын көрінеді. Сондай-ақ Балли құқығы бұзылғандарға көмектесу арқылы қоғамдық істерге жиі араласып отырады. Әрине, оның 100 мың қол жинауға мүмкіндігі шектеулі, алайда Балли өзінің президенттік сайлау науқанына қатысу фактісі Польшадағы мұсылмандарға деген қарым-қатынастың өзгеруіне түрткі болады деп үміттінеді. "Мен адам құқығы мен азаматтардың бостандығы үшін күресетін қарапайым ел тұрғынымын. Бұл - әр елдің демократиялық негізі. Егер қоғамдық істер тәжірибесі туралы айтатын болсақ, ол аса маңызды. Мен наразылық танытушы шахтерлермен де, фермерлермен де кездесіп, олардың өкпе-назын тыңдадым. Бір полицей жоғалтып алған сақинасын іздеп 5 отбасы тұратын үйге таңғы алтыда ешқандай ескертусіз баса-көктеп кірген жағдайға да араласқанмын. Бұл соңғы айлардағы оқиғалар ғана. Көптеген жылдары бойына мұндай фактілер қатары да арта түседі. Бұл Польша демократиялы ел болса да үнемі құқық бұзушылықпен бетпе-бет келетін, күнделікті өмірде орын алып жататын ел тұрғындарының құқығына қатысты", - деп сұхбат берген аталған басылымға. Балли Мажец бірнеше жыл бұрын қазақтар қауымдастығының басшысы боп тұрғанда Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жарияланымына қарсы наразылық білдірген. Алайда ол карикатураға қарсы оқпен немесе күшпен жауап бермеу керектігін баса айтқан. Айта кетелік, Польшадағы президент сайлауын өткізу мерзімі 2015 жылдың 10 мамырына белгіленген. Балли Мажецтің туған кездегі аты-жөні - Балжан Наурызбаева. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң ол білім іздеп Мәскеуге барады. Сол арада күйеуге шығып, Польшаға кетеді. Одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен.