Қанат Исламның жаңа шапаны

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам алдағы кездесулерге киіп шығатын шапанын таныстырды, деп хабарлайды alaman.kz.

4befaf6f2d5098d1d755eb2c689d5dc3

Қара шапанға көк түсті жолақ енгізіліп, оған Қазақстан туының шетіндегі тулар салынған. Арқасына Kanat Islam деген жазу жазылып, көк бөрінің суреті салынған.

Қанат Ислам келесі кездесуін наурыз соңында Колумбияда өткізеді. Осыған дейін 1 наурызда Мәскеуде аргентиналық Гуидо Николас Питтомен кездесетіні туралы хабар тараған. Кейін бұл кездесу болмайтыны хабарланған.

Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді. Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен.