Елімізде Абылай ханның бейнесі салынған түшпаралар сатылуда

Абылай ханның суреті отандық түшпаралардың орамасына шығарыла бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Елімізде Абылай ханның бейнесі салынған түшпаралар сатылуда Фото: azattyq.org Еске сала кетейік, бұл күндері "Қазақстанда жасалған" акциясы өтуде. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген маңызды тапсырмалараның бір - отандық өнімді қолдау болатын.

Осыған орай, еліміздің әр аймағында отандық тауарларды насихаттауға арналған шаралар өтуде. Сондай шаралардың бірінде орамасында Абылай ханның суреті салынған түшпаралар көзге түсті. Бұл түшпара "Хан" деп аталады. Жалпы, Абылай суретінің түшпара орамасына салынуы бірінші рет емес.Азаттық сайтының хабарлауынша, 2011 жылы "Абылайдың жас кезі" картинасы да түшпара қаптамасына шығарылған еді. Елімізде Абылай ханның бейнесі салынған түшпаралар сатылуда Фото: azattyq.org Бұдан бөлек, ақтөбелік биші қыздар "Қара жорға" деп аталатын арақтың сыртына бейнеленіп, үй тазалағыш ұнтақ "Батыр" атауымен шығарыла бастаған. Ал жақында алматылық азамат  Абылай ханның суретін денесіне ойып салып алған болатын.

Источник: NUR.KZ