Қысқы универсиада-2015-те Қазақстан үшінші орынға ие болды

Кеше түнде Испанияда ХХVII қысқы Универсиада тамамдалды. Соңғы алтын медаль хоккейші жігіттер арасында сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қысқы универсиада-2015-те Қазақстан үшінші орынға ие болды Негізін Қазақстан чемпионатындағы хоккейшілеріміз құрайтын еліміздің студенттері финалда Ресей құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, 1:3 есебімен есі жіберіп алып, күміс жүлдені көңілге медеу тұтты. Егер біздің хоккейшілер жеңіске жетсе, Қазақстан спортшылары жалпы командалық есепте екінші орынға ие болар еді. Сонымен 5 алтын, 6 күміс барлығы 11 медальді қоржынға салған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 3 орынға қол жеткізді. Бірінші орында Ресей, ал екінші орынды алтындарының саны бізбен бірдей, бірақ күмісі көбірек Кореяның судент-спортшылары иеленді.

Источник: Алаш Айнасы