Бірқатар мәдениет-өнер қайраткерлері мемлекеттік стипендияға ие болды

Бүгін Алматыда мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова президент тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2014 жылғы президенттік және мемлекеттік стипендияларды табыс етті.

Бірқатар мәдениет-өнер қайраткерлері мемлекеттік стипендияға ие болды

Гүлшара Әбдіхалықова

2014 жылдың қорытындысы бойынша отандық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін әдебиет пен өнер саласындағы 100 қайраткерге стипендиялар тағайындалды. Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Владимир Толоконников, Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Анатолий Молодов, тағы басқа қайраткерлер бар. Сонымен бірге Алан Бөрібаев, Еркебұлан Дайыров, Әйгерім Бекетаева, Жанель Төкеева, Әлия Телебарисова, Қасымхан Бұғыбай және өзге де жас дарындар мемлекеттік стипендияға ие болды. Мемлекеттік хатшы рәсімді аша отырып, ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. "Сіздерді отанымыздың мәдениеті мен әдебиетінің деңгейін танытатын ақыл-парасаты деп танимыз. Сіздерді барынша бағалаймыз. Елбасы отандық мәдениетті қолдау көрсетіп, шығармашылық адамдарына демеу көрсетіп келеді. Былтыр өздеріңізге белгілі Елбасы тапсырмасы бойынша мәдени саясатының ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама ел мәдениеті дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Қазақстанның жаңа әдебиеті мен мәдениетін жаңа биіктерге көтеру міндеті тұр", - деді мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова.

Источник: ИА "Казинформ"