Назарбаева мемлекеттік сатып алулар арқылы байыған 15 адамның есімін атауды талап етті

1934
9
Бөлісу:

Мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаева 2013 жылы өз компаниялары арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттардың 37,8%-ын алған 15 жеке тұлғаның тізімін атауды талап етті.

Назарбаева мемлекеттік сатып алулар арқылы байыған 15 адамның есімін атауды талап етті
Фото: kstnews.kz

«Егер Форбсқа сенер болсақ, біздің қазақстандық, 2013 жылы түрлі фирмалар арқылы мемтапсырыстардың ірі алушысы болған – ал ол дегеніңіз 15 жеке тұлға, 400 миллиард теңгені игерген, Бұл барлық мемсатып алу көлемінің 37,8%-ын құрайды. Олар кімдер, осы бақытты жандар, 15 жеке тұлға? Оны білуге құқымыз бар, себебі мәселе біздің ортақ бюджеттік қаражатымыз жайында», – деді Дариға Назарбаева бейсенбіде мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа нұсқасын талқылау барысында.

Ол заңға мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттағы ақырғы бенефициардың көрсетілуі керектігі туралы норманы енгізуді ұсынды.

«Ақырғы бенефициар белгілі болуы керек, оның жеке тұлға ретіндегі мәліметтері, саудада жеңген компанияның құрылтайшысының кім екендігі анық болуы керек. Және оған қоса біліктілік талаптары көрсетілсін, компанияның өзіне де, сол жеке тұлғаға да. Себебі мұғалім немесе жүргізуші болып жұмыс жасап жүргендер, компания құрып, конкурста ұтып жатады, ондай болуы мүмкін бе? Жүргізушіде немесе мұғалімде кенеттен ондай мүмкіндік қалай туа қалды?», – деп таңданысын білдірді Назарбаева.

Источник: КазТАГ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Әбіл Жәкенев 5 Ақпан, 2015 17:59 Жауап

    Е, Дариға, әуелі өздеріңнің қалай байығандарың туралы шындықты айтсайшы! Сату мен сатып алу арқылы шылқа байымағанда айлық жалақыларыңмен миллионер, миллиардер болдыңдар ма?

  2. Асау 5 Ақпан, 2015 18:40 Жауап

    НАЗАРБАЕВА МЕМЛЕКЕТТІК сатып алулар арқылы БАЙЫҒАН 15 АДАМНЫҢ АТЫН АТАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ… Өте дұрыс істеген. Дариға Назарбаева болмаса, басқалардың қолынан келмейді бұлай талап ету!

  3. Нурым 5 Ақпан, 2015 19:49 Жауап

    Мемлекеттик сатып алудын бага усынысы модулынде белгили бир сатып алуга усынылатын заттын накты минездемесин, накты тауар ондирушини корсетуге болмайды, сосын сол каталогта не бар соны коясын,натижесинде тендерди уткандар кытайдын арзанкол кокыр сокырын акеп береди. Осы жагын тузесе гой

  4. Тұрандық 5 Ақпан, 2015 23:08 Жауап

    Дариға апамның бұнысы: қазынаға қол салушыларды, «опырып-жапырып» жейтін жемқорларды сынағаны ма, жәй, іншейін «саяси ұпай» түгендеу осы арасын кім біліпті?

  5. Болат Абдибеков 5 Ақпан, 2015 23:42 Жауап

    На сегодня Я продаю почти ТРИ МЕЧЕТИ в Торгайском Регионе , Не можем взыскать через СУД , почему , кому тогда эти законы Р.К. служить , Меня лишили мои КОНСТИТУЦИОННЫЕ права на СУДЕБНУЮ защиту, хотя в в КОНСТИТУЦИЙ в 14 ст ,перед законом все равны . В Казахстане есть кто нибудь ,который услышать КРИК мои души ,Я думаю что НЕТ. Для тех кто уже услышал. E- mail: abk-777-1@mail.ru или 8701 816 5721.

  6. Лалагүл 9 Ақпан, 2015 15:52 Жауап

    Дәриға ханым, подругаңыз Раушан Сәрсембаева мен Азаматтықт Альянсты,сосын Мүгедектер мен Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның атынан жеген бұрыңғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрлерін, Мәдениет министрлігінің әлеуметтік тапсырыстар мен лот жеңімпаздарымен жұмыс жасаған қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары БН ханымдарды басына тіркетіңіз.Сонда әділдігіңіз арта түседі…

  7. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2015 17:14 Жауап

    Дариға ханым осы бағытыңыз бен қарқыныңыздан таймай, аяғына жеткізіңіз! Ел күтіп отыр 15 миллиардердің есімдерін…

  8. Серікғали 9 Ақпан, 2015 17:16 Жауап

    лалагүл ханым, «қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары БН ханым» дегеніңіз кім? Біз жақта БН-нан келетін әкім орынбасары ханым жоқ

Пікір немесе жауап жазу

2 × 2 =