Ғаламторда танысу кезінде жігітін "сұлумын" деп алдаған қыз таяқ жеді

Қытайдағы Харбин қаласының 30 жасар тұрғыны ғаламтордың WeChat мобильді қосымшасы арқылы қызбен танысады. Алайда танысқан қызы шынайы өмірде басқа адам болып шыққан деп хабарлайды 24kz.

Ғаламторда танысу кезінде жігітін Артынша желіде отырып, түрлі тақырыпта әңгімелескен екі жас тез тіл табысып кетеді. Қыздың "Мынау менмін" деп жіберген суретіндегі аққұба, қыпша бел, күлімкөз бейнесіне еліккен жігіт оны дереу кездесуге шақырады. Тіпті қалаулысының басқа қаладан екендігіне қарамастан, оны бір көру үшін асыққан ол ұшаққа отырып, алыс сапар шегеді. Бірақ әуежайда жігітті суреттегі бикешке тіпті де ұқсамайтын әйел күтіп алған кезде не істерін білместен дағдарып қалады. Ол тіпті әйелдің "суреттегі қыз менмін, тек бейнемді Photoshop-пен аздап өзгерткенмін" дегеніне сенбейді. Ақыры алданғанын түсінген жігіт ашу-ызаға булығып, оны таяққа жығады. Қазіргі күні бұл оқиға ғаламторда қызу талқыланып, қытайлықтар арасында пікірталас туғызып отыр.

Источник: 24.kz