Wechat әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген сауалнамада Қытайдағы қандастардың қанша пайызы Қазақстанға көшіп келуді ойлайтыны белгілі болды.
29 қаңтардан 2 ақпанға дейін жүргізілген сауалнамада "Қазақстанға көшу керек пе?" деген сұраққа "Көшу керек" деп 6071 адам дауыс беріп, 79% қатысушының елге көшуді ойлап жүргені анықталған.
"Керек емес" деп 671 адам дауыс берсе, 8% қатысушы Қытайдағы қазақтың елге оралуға әлі дайын емес екенін көлденең тартқан. "Маған бәрі бір" батырмасын 896 адам басқан, 11% дауыс беруші нақты бір шешім қабылдамағанын білдірген.
Wechat әлеуметтік желісінің Қытайдағы қолданушылар арасында танымалдығы Facebook желісінен кем емес екенін ескерсек, бұл сауалнама нәтижесі шындыққа жанасады деп сенімді түрде айтуға болады.