Қазақстан экономикалық бостандық рейтингісінде 69-орынды иеленді

Вашингтонда орналасқан Heritage Foundation зерттеу орталығы түзген экономикалық еркіндік рейтингісінде Қазақстан 69-шы орынды иеленді деп хабарлайды 7 арна.

Қазақстан экономикалық бостандық рейтингісінде 69-орынды иеленді

Биылғы көрсеткіш өткен жылғыдан 2 орынға төмен. Кеден Одағы бойынша әріптестеріміздің де ерлеп кеткендері шамалы. Ресей 143-ші, Беларусь - 153-ші орынға тұрақтаған. Зерттеу 178 елде жүргізілді. Олардың экономикалық бостандығы 4 көрсеткіш бойынша бағаланған. Соның ішінде Қазақстан инвестиция, нарықтың ашықтығы, сонымен қатар, экономиканы тиімді реттеуде жетістікке жетіпті. Алайда меншіктің қорғалуы және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық кең таралған делінген халықаралық баяндамада. Әлемдегі экономикасы еркін елдер бестігін Гонконг бастап тұр. Ізінше Сингапур, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария жайғасты. Ал "экономикасы жабық" деп, сырттан инвестиция тартуға ынтасыз Венесуэла, Куба және Солтүстік Корея сияқты елдер танылды.

Источник: 7 канал