Алматы мен Астанада әуе таксиі пайда болды

Алматы мен Астанада "Әуе такси" деп аталатын қызмет түрі пайда болды. Олар жолаушыларды тікұшақпен тасымалдауды ұсынады. Бұл туралы Tengrinews.kz LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы мен Астанада әуе таксиі пайда болды Басылымның мәліметінше, ұшу қашықтығы - 600 шақырымға дейін. Әуе таксиінің тікұшақ паркінде Қазақстанда құрастырылған 16 еврокоптер, ресейлік Ми-8 тікұшақтарының 7 данасы және Robinson деп аталатын шетелдік үш тікұшақ моделі бар. Тасымалдау құны қашықтығына, жолаушылар санына және ұшу уақытына байланысты. Орташа есептегенде бір сағат ұшу 300 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Әуе таксиі қызметін бастағалы бері 10 рейс жасап үлгерген.

Источник: Tengrinews.kz