Алланы мазаққа айналдырудың сөз бостандығына түк қатысы жоқ!..

дос Кеше ғана Францияда 12 адам кісі қолынан қаза болды. Жазысыз жандардың қазаларына көңіл айта отырып, көптен ойымда жүрген бір пікірді ашық айтқым келеді. Адамзат тағы да тіксініп қалды, ал Батыс қоғамы осы бір қанды қылмысты «бұл - сөз бостандығына деген қастандық» деп қабылдады. Өз басым соңғы уақытта сөз бастандығы дегенді түсінбей барамын... Басқа адамдардың арына тиетін сөздерді айтып, олардың құлшылық қылатын құдайларын мазақтап, сол қателіктері үшін кісі қолынан ажал құшып жатқан жандарды қорғай отырып, басқаларды оларға қол жұмсауға мәжбүр ететін сияқты. Меніңше, бұл – өздерінің құдайларына көзсіз берілген жандардың ашу-ызасына тиетін арандатудың бір жолы. Қасиетті Құранды отқа жағудың да, Алланы мазаққа айналдырудың да не демократияға, не сөз бостандығына ешқандай қатысы жоқ. Қазақта «іріген ауыздан шіріген сөз шығады», «абайламай сөйлеген – ауырмай өледі» деген қанатты сөздер бар. Сөз бостандығы – ойыңа келген пікірді айту, жариялау ғана емес, оны мәдениетті түрде, басқалардың ашу-ызасына тигізбей жеткізе білу. Абай.kz