НАҒЫЗ «МОҢҒОЛ-ТАТАРЛАР» БІЗ БОЛАМЫЗ!..

2 татарларга Қазақтың тарихын бұр­малауға бейім тұратын орыс «тарихшылары» туралы. Мұндай қадамға олар көбіне саяси ұпай жинап, өзінің бәсін асыру үшін барады. «Ит үреді, керуен көшеді» дейді. Біздегі бір жаман әдет – кейде осындай арзан айқайларға ұрандатып қосылып кетеміз. Сыртқы істер министрлігі бар ғой. Егер олардың сандырағын қауіпті деп тапса, алдымен солар бірінші болып жауап беруі тиіс. Кейбіреуі әдейі өстіп қазақтың тамырын басады. Қазір отандастарымыз бұрынғыдай бейқам отырмай, ондайлардың сол сәтте аузын жаптырып тастайтын болыпты. Жақсы құбылыс. Арандатуды көксейтін мұндай әрекеттен қазір сол шовинистердің өздері ұтылуда. Өйткені олар қазақ қоғамын оятып, өздеріне жаңадан жау тауып жатыр... *** «Татар» деген ордалық рулардың (қазақ руларының) жалпылама атауы болған. Басқа елдегілер бабаларымызды осылай атаған. Оны бүгінгі татарлармен шатастырмаңыздар. Бүгінгі татарлардың негізгі аты – бұлғарлар. Орыстар кейін ғана оларды татарлар дей бастады. Қазақтың «былғары» деген сөзі осыдан шыққан. Қазан хандығын да қазіргі татарлардың бабалары емес, біздің арғы аталарымыз құрған. Орыс тарихшыларының өзі де «Қазан хандығын шеттен келген ордалықтар құрды» деп жазған. Нағыз моңғол-татарлар біздерміз. Бұл қазақтың, қазақ руларының арғы тарихы... *** Біздегі мына тараншылар­дың арғы ұйғырдың тарихына аса қатысы жоқ. Қазіргі моң­ғол­дардың баяғы моңғол­дардың атын жамылып жүргені сияқты, бұлар да ұйғыр қағанатының тікелей мұрагері емес. Ұйғыр қағанатын құрғандардың таңбасы тарақ болған. Біздегі жалайырлардың да таңбасы тарақ. Ол қағанаттың ұрпақтары қазір Қытайдың Ганьсу провинциясында тұратын сарыұйғырлар. Бұл сарыұйғырларды найман, қыпшақ, қырғыз, қаңлы, керейт пен дулат сияқты өзіміздің қандас тайпалар құрап отыр. Өздері ойлық және тағлық деп екіге бөлінеді. Шоқанның «Қашқар сапарының күнделігі» сияқты сол тұстағы зерттеушілердің еңбектерінде де қазіргі ұйғыр­ларды «қашқарлықтар», «тұр­пандықтар» немесе «қотан­дықтар» деп қана атап өткен. Тараншыларды бертінде ғана «ұйғыр» дей бастады. Қалғанын тарихшылар айтсын... *** Қазір көп жерде бөріні емес, неге қайдағы бір барысты символ етіп алдық деген пікірлер айтылып жүр ғой. Бұл – негізі, Ақорданың жанынан шыққан бастама. Түріктердің тотемі болған бөрі нағыз жыртқыш қой. Көбіне жаугершілікпен, батырлықпен байланысқан образ. Сырттай тым сұсты көрінеді. Сондықтан, билік «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» барыстың байсалды бейнесін таңдап алған тәрізді. Бір жағынан, бұның тарихи жағынан гөрі, саяси-экономикалық қыры басым. Әлгі Азияның жолбарыстарына ұқсаудан туған амал. Сосын барыс көбіне жалғыз жүретін аң. Қазақстан аймақтағы елдердің арасынан жалғыз өзі жарқырап шыққысы келеді. Бұл символда осындай эстетикалық, көркемдік шешім жатқан сияқты. Ал бөрінің бейнесін әскердің кез келген бір тобының жеке байрағы етіп бекітуге болады. Айтпақшы, түркі тарихында Бейбарыс, Барысбек, Барыс қағандар да өте көп болған. Сондықтан, барыс та бізге жат символ емес. Тіпті, тарихтағы Тұранның саяси бәсекелесі болған парсылардың патшасы Кир де өзіміздің Алтайдан шығыпты. Парсылардың «парс» деген атауында да түріктің «барыс» деген сөзі жатыр. Айта берсе, әңгіме көп... *** «Ұлы Отан соғысын» атап өту дәстүрі бүгінгі билікпен бірге құрдымға кетеді. Өйткені, ел басқаратын келесі буын оған қаржы бөлуді, ақшаны текке шашу, келмеске кеткен империяның жетістігін жырлау деп қабылдайтын болады. Дәл солай боларына сенімдімін. Бұл мерекені Кеңес одағының бірден-бір мұрагері саналатын Ресей империясы өзінің «одақтастарына» күштеп танып отыр. Сондықтан «ностальгиямен» өмір сүретін биліктегі коммунистер одан бас тартуға жол бермейді. Бұрын 9-мамырды соңғы ардагер қалғанша тойлайтын «шартты мереке» шығар деп ойлаушы едім. Бірақ, сол солдаттардың қолымен от көсеген коммунистерге арда­гер­лердің қатары сиреп бара жатқаны да қажет емес екеніне көзім жетті. Бұл ең алдымен сондай алып империяның ыдырап кеткеніне әлі күнге дейін бармақ тістейтіндердің бас мерекесі. Айтпақшы, Путиннің осыған байланысты былай деп өкінгені бар: «Совет Одағының ыдырауы – XX ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды». Ал, бұйрыққа бағынып, сын сағатта соғысқа сұранып, Отанды қорғауға аттанған ержүрек жауынгерлерге менің қашанда құрметім шексіз. Олар өзіне жүктелген миссияны артығымен орындады....   Жолымбет МӘКІШЕВ, Фейсбук парақшасы QAZAQUNI.KZ