Головкин Қарағанды облысында демалыс орнын салып жатыр

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қарағанды облысында Қарқаралыдағы Үлкен көлдiң жағасында туристiк нысан салуда. Бұл туралы boxingnews.kz порталы хабарлады.

Головкин Қарағанды облысында демалыс орнын салып жатыр "Қарқаралының шығысында Үлкенкөл деген көлiмiз бар. Соның жағасындағы жерлердi бiз туризмдi дамыту мақсатында кәсiпкерлерге берiп жатырмыз. Мысалы, бiздiң даңқты боксшымыз Геннадий Головкин соның жағасынан 400 метр жер алып, туристiк нысан салып жатыр", - дейдi Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкiмi Халил Мақсұтов "Қазақстан" арнасына берген сұхбатында Репортажда хабарлағандай, аталмыш жерлер экотуризмдi дамытуға да қолайлы. Еске сала кетсек, бұл Геннадийдiң алғашқы бизнес жобасы емес, 2015 жылы ол өзiнiң GGG киiмдер желiсiн шығарған болатын.

Источник: ИА "Казинформ"