ДУБАЙДА ДОРБАЛАП ДОЛЛАР ШАШҚАН ҚАЗАҚ КІМ?

Дубайда қазақстандық бай азамат 100 долларлап шашу шашты

Дубай тұрғындары ақтөбелік журналист, жүргізуші әрі әнші Нұржанат Қабдолұлына қызық оқиға туралы айтып берді. Бұл туралы  "Эврика" басылымына сілтеме жасап Алаш айнасы.

Дубайда қазақстандық бай азамат 100 долларлап шашу шашты Қазақстанның бай азаматтарының бірі Бурдж Халифада (әлемдегі ең биік ғимарат) туған күнін атап өтіп, кеш соңында сауда және ойын-сауық орталығының дәлізіне 100 долларлап ақша шашқан. "Жергілікті тұрғындар, әрине қол соғып, оның түрін естерінде сақтады. Есімін айтпай-ақ қояйын, бірақ мен мұндай китчпен мақтануды жөн санамаймын", - дейді журналист. Сонымен қатар, Нұржанат Дубайдағылардың Қазақстан жайлы көп нәрсені білетіндеріне таңғалды, олар біздің ел туралы тек жағымды дүниелер айтқан.
Источник: NUR.KZ