Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

881
0
Бөлісу:

балаева

4 қантар, 2015

Жылқы жылының соңғы күндері еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында айтарлықтай кадрлық ауыс-түйіс орын ала қойған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қазақстан президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды. Ал бұл қызметті осы уақытқа дейін атқарып келген азамат «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның жаңа бас директоры қызметіне ауысқан еді. ҚазАқпарат осы және өзге де кадрлық ауыс-түйіске дәстүрлі апталық шолуын жасайды.

Сонымен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Аида Балаева Қазақстан президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Ал «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның жаңа бас директоры болып Жапсарбай Ілиясұлы Қуанышев тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі қызметіне Нұрбол Нұрғалиев тағайындалды.

Нұрғалиев Нұрбол Жолдасбекұлы 1975 жылы туған. Ол өз еңбек жолында соңғы жылдары Семей қаласының бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімінде түрлі қызметте болды. ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, ШҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы әкімінің және Аягөз ауданы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарды.
.Источник: ИА «Казинформ»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

11 − сегіз =