Баян Есентаева Қайрат Нұртасты "мойындайтынын" жеткізді

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева көпшілікпен кездесіп, өз ойларымен бөлісті.

Баян Есентаева Қайрат Нұртасты Бұл туралы BusinessNews.kz сайтына сілтеме жасап baistars.kz хабарлайды. Түрлі сұрақтарға жауап берген Есентаева жетістікке жету үшін жылдар бойы еңбектенгенін айтты. "Мен басында ешкімге қызық болмадым және ешкім қажет етпеді. Шын мәнінде маған сенгендер аз болды.  "Сен ешкім емессің" дегендер де болды. Бәріне дәлелдеу үшін мен осындай жетістікке бірнеше жылдар бойы еңбек еттім", — деді Баян Есентаева.

Кейде маған өмір қызықсыз болатын. Осы арқылы мен пайда табудың жолдарын үйрендім.

Ол өзінің продюсерлік қызметті қалай бастағанын айтып, түрлі қиындықтар болғанын да жасырмады. "Алғаш рет продюсерлікті қолға алып, "КешYou" тобына жетекшілік ете бастадым. Мен ол кезде жай өзімді жаңа ортада сынап көрмекші болдым",  - дейді ол. Сондай-ақ, еліміздегі табысты продюсер адам таңдауда көп қателескенін айтты. "Алда қалай болатынын білмеймін. Қыздарымның біреуі тұрмысқа шығып кетуі, ауырып қалуы немесе түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ, мен осы уақытқа дейін адам таңдауда көп қателескен кездерім болды. Ең басты қателігім – сол адамдармен сонша уақыт бекерге жұмсағанымды түсінбегенім", - деді танымал продюсер.

Қазіргі телевидение саласында мен мойындайтын тележүргізушілер жоқ.

Телевизия саласында біраз жобаны  іске асырған Баян Есентаева қазіргі тележурналистерді мойындамайтынын да жасырған жоқ. "Телевидениеге келетін болсақ, қазіргіге қарағанда осыдан он жыл бұрынғы телевизия жақсы әрі қызық еді. Ол кездері мықты журналистер көп болды. Қазір олар жоқ және көбісі оларды танымайды. Қазіргі телевидение саласында мен мойындайтын тележүргізушілер жоқ. Он жыл ішінде жанып тұрған тележүргізушілер шықпады", - деді Баян. Сонымен қатар, Есентаева жетістікке жетуінің сырымен бөлісті "Мен өзімде мінез бар деп айта аламын. Бұл өте керемет. Себебі, мінез елдің бәріне беріле бермейді. Ондай мінезбен адам туылады. Адамның кішкентай күнінен болашағын көруге болады. Мен кішкентай күнімнен "мен" деп өстім. Бәрінің назары тек менде болғанын қаладым. Мектепте де мұғалім сұраған нәрсені білмесем де, білдім деп айтатынмын. Себебі, мені мақтағанын қалайтынмын. Сондай-ақ, үнемі ұйқысы келіп, шаршап жүретін адам ешқашан жетістікке жетпейді", - деді продюсер. Әңгіме барысында ол әнші Қайрат Нұртасты мойындайтынын да айтты. "Қайрат өте жақсы адам. Қайратты мойындамау мүмкін емес және мен оны өнерлі адам ретінде бағалаймын.  Ол адамда өзге әншілерде жоқ қасиет бар. Басында көп адам жақтырмады. Бірақ, Қайрат бәріне дәлелдей білді", - деп өз ойын білдірді ол.

Мен кішкентай күнімнен "мен" деп өстім. Себебі, мені мақтағанын қалайтынмын.

Еліміздегі танымал продюсерлердің жұмысына баға берген ол өзінің бұл салада үздік екенін атап өтті. "Мен тек бір салада емес, бірнеше салада жұмыс жасап келемін. Нақтырақ айтсақ музыка, кино, журнал, бағдарлама және т.б.  Барлығына бірдей мен сияқты продюсер болып отырған адамды көрмедім. Осы жағынан мен ұтып отырмын", - деді Есентаева. Продюсер басқалары жылына 2-3 жобамен отырса, ол өзінің кино түсіріп, бағдарлама жүргізіп және "КешYou" мен "Лашын" топтарының жұмысымен айналысып жүргенін мақтан тұтты. Еліміздегі және әлемдегі басқа да маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар!
Источник: NUR.KZ