Әділеттілік салтанат құрады деген үміттеміз

1541
3
Бөлісу:

2

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.НАЗАРБАЕВ мырзаға

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің сабырлы әрі салиқалы саясаткер екеніңізді бүгінде бүкіл әлем мойындады. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен сұңғыла саясаткерлігіңіздің арқасында Қазақстанды бүкіл дүниежүзі таныды. Еліміздің ерекше серпінмен дамуында Сіздің жеке басыңыздың рөлі өте зор. Қазақстан халқы Сіздей Көшбасшысы барлығына мақтанады. Айналада болып жатқан сын-қатерлерден елді небір қиындыққа қалдырмай, қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқтырмай аман-есен бастап келе жатырсыз. Көреген басшы ретінде талай аумалы-төкпелі кезеңдерден дін аман алып өттіңіз. Жақындағы Жолдауыңызда еліміздің дамуындағы басты бағыттарды әйгілеп, «Нұрлы жол» бағдарла­масын жасап бердіңіз. Сіздің бастаған ісіңізді біз де үнемі қоштап, қолдап келеміз. Біз ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы Сізге арқа сүйейді.
Осы орайда бір мәселеге Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді.
Әкімдер – Сіздің командаңыз. Сол командаңызда Сізге қалт­қысыз қызмет етіп, сеніміңізді ақтап, ел-жұртқа жаққан әкімдер баршылық. Солардың қатарында Қарағанды облысының бұрынғы әкімдері Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев те бар еді.
Еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастаған Серік Ахметов Теміртау қаласы­ның әкімі, Астана қаласы әкімі­нің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау және кадрлар саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Қарағанды облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Премьер-министр, Қорғаныс министрі сынды биік қызмет сатыларынан өтті.
Ал Бауыржан Әбдішевтің облыс әкімі қызметінде ұзақ отырмағаны да белгілі. Қазір оның үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Біз ел ішінде жиі боламыз, оның үстіне Қарағанды өңірінің жай-жапсарына қанықпыз. Осы ретте аталған азаматтар нақақ жаланың құрбаны болып отыр­ғандай көрінеді. Екеуі де: «Мен Елбасына, халқыма адал қызмет еттім. Өзіме тағылып отырған айыппен келіспеймін», – дейді.
Сіздің адалдық пен әділдік жолды ұстанатындығыңызға, қашан да тура жолдан таймай, елдегі жемқор, парақорлармен аяусыз күрес жүргізіп келе жатқаныңызды жақсы білеміз. Халық та әділет жоқтаушысы. Азғантай уақыт ішінде Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішевтің қалайша жемқор болып келгеніне ел-жұрт та күмән келтіріп отыр. Елбасы командасындағы азаматтардың атына түскен дақ айналып келгенде Сіздің беделіңізге, абырой-даңқыңызға көлеңкесін түсірмесе деп тілейміз ғой. Біздің бұл жанайқайымыз сот ісіне ықпал ету емес. Сіздің командаңызда болған азаматтардың ертеңгі тағдырына тікелей араша түсуді сұрап, тергеу ісінің әділ жүргізілуі үшін жазып отырмыз.
Қазақстандағы қаншама адамға шарапатыңыз тиіп келеді. Қалың ел Сізге сенеді. Әділеттілік салтанат құрады деген үміттеміз.
Серік ҚИРАБАЕВ, академик,
Қайрат БАЙБОСЫНОВ, Қазақстан Республикасының Халық артисі,
Темірғали КӨКЕТАЕВ, академик,
Жүрсін ЕРМАН, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, «Құрмет» орденінің иегері,
Аманжол ӘЛТАЕВ, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
Нұртөре ЖҮСІП, Президент сыйлығының лауреаты,
Қасымбек МЕДИЕВ, қоғам қайраткері,
Диханбай БИТКӨЗОВ, КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы,
Құлтөлеу МҰҚАШ, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері, т.б.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Серхан Малик 28 Желтоқсан, 2014 13:36 Жауап

    Періште кім?..
    «Қазақ үні» газетіміздің 2-желтоқсандаығы №48 санындағы «Серік Ахметовке не болды?» (Қажымұқан Ғабдолдла)- дегенінен кейін бір күдікті ой туды.
    Өңірде өмір сүріп, өткен-кеткенге куә болып жатқан жайым бар. Өңір-деп Қарағанды облысымызды айтамын. Айтқанда, айтпақшы облыс тұрғыны ретінде жақсы-жаман өмір сүруіміз Елбасы сеніп тапсырған әкімдерге де біраз байланысты, байланысты болғанда әрине олардың жеке өміріне емес, қызметіне…Қызметі демекші соңғы жиырмадан астам жылдан бері облысымызды небір мақтаулы әкімдер басқарды. Өкініштісі басқарғанда жақсы басқарып, ал кеткеннен кейін соңдарынан «шикілік шығып…» жататыны таңқалдырады. Мысалы деймін де: Камалтин Ескендірұлы (Мұхаммеджанов)шаруашықтың сарбазы, кезінде қиын қыстау уақытта Көкшетауды құтқарды-деп Қарағанды облысына әкім етілген. Сонан өсіп кетіп, өскенде Қоршаған ортаны қорғау, анау-мынау министрі бола бергенде шу шығып орынынан кете қалған.
    Ұмытпасам, одан кейін Н.Нығматуллин облысымызды біраз басқарып, түф-а, түф-а өсті…
    Ал, кейінгі екеуін айтамын-ау (Б.Абдишев пен С.Ахметов) жап-жақсы басқарды, енді неге шықты «масқаралары?..» Осы, осыдан кейін «алтын көрсе періште жолдан таяды»-дегендей әкім жеу үшін әкім болды екен-ау деп бір ойлаймында, онда неге кейбір әкім жей алмайды?-деп тағы таңқаламын. Содан деймін-ау, «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып» жатыр ма, жоқ кейбіреуі шын періште ме, періште болса неге алтын болмаса да мыс пен көмірді, өмірді көріп жолдан таймады?-деп тағы, тағы аң-таңмын!.. «Өзіңменен қатар тұр, қатар тұрса қатер тұр»-деген бе?..
    Әйтеуір, ұшық орындарынан «өсіп кеткендерді» шалатын болды-ау… «Шалмағандарын құдай сақтасын.., … мақтасын!..»- деймін, дегенмен күдігім сейілмеді.

    Аң-таң болған Серхан Малик,
    Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

  2. Болат 29 Желтоқсан, 2014 21:10 Жауап

    Қарағанды облысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Республика экономикасын өрге сүйреп тығырықтан алып шыққан алып облыс.Алпауыт өндіріс ошақтарын, шаруашылықтың басқа салаларын басқарып шыныққан кадрларға да бай өлке. Назарбаевтың өзі де осы өңірдің шаруашылық көрігінде шыныққан адам.Солай бола тұра неге соңғы жылдары басшы кадрлар тұрақтамай, артынан сөз еріп отыр. Оларға өмір тезінен өткен ақсақалдарымыз ақыл кеңес бермеген бе?!Әлде жымысқы кадрлық саясаттың құрбаны болды ма екен?Қазақтың ауызбірлігінің жоқтығын мысал етіп, Мұстафа Шоқай айтып еді»Варшавада бір еврейдің тісі ауырса, Америкикадағы еврейдің басы ауырады».Кадрларды іріктеуде руға бөлу, жүзге бөлу, тамыр таныстыққа бөлу, мынау орысжанды, мынау қазақжанды деп бөлулер, Мынау Мәскеуге керек емес дегендер бар ма екен?

  3. Болат Абдибеков 10 Қаңтар, 2015 00:13 Жауап

    Мы еще далеко живем от СПРАВЕДЛИВОСТИ , «коррупция» ОН сильнее НАС. Из за Коррупция Я продаю ДВЕ МЕЧЕТИ. в ТОРГАЙСКОМ регионе . Я уже устал доказывать ,По моему гражданскому делу по взысканию от Амангельдинского Акимата за строительства Амантогайской МЕЧЕТИ и за кап ремонт Здания Акимата , Прокуратуры ,РОВД Полиций ,Верховный СУД Р.К. занял позицию «укрывательства» чиновников который совершили МОШЕННИЧЕСТВО против моего бизнеса. Акимат под предлогом строительства МЕЧЕТИ со всех гос служащих собирали деньги и от бывщих совхозов собирали по 100 – 50. тонн продовольственного зерна .Я взялся за подрядные строительные работы по МЕЧЕТИ. НО договор был ,обманным путем ,меня гарантировали оплату Аким Ахметов Сабыржан ( по его указанию подписал зам акима Бейсенбаев.К.)на суде дал признательное показания. 10 раз Суд рассматривал по Костанайской Области,из ни 7- раз и все первые судебные инстанций ,Я выиграл.ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПРОКУРОР Р.К.Тусупбеков .Р.Т. принес надзорный ПРОТЕС. 16.10.2003. года в ВЕРХОВНЫЙ СУД Р.К. .НО ВЕРХОВНЫЙ СУД Р.К. отклонил . после этого Я написал около 10 раза заявление В.С.Р.К.и что толка.Самое главное Суди Верховного СУДА который ,решали судьбу по оплате МЕЧЕТИ ,оказались «жуликами» то есть сами оказались коррупционерами. и были уволены из состава ВЕРХОВНОГО СУДА. это Райымбаев.С.И и Балтабай.М.А.
    — История очень простая.— Сбор денег со всего район ,наличными и сбор Продовольственного зерна по 50 – 100. тонн со всех совхозов. Я прошу что бы оплатили за выполненные объемы строительных работ по МЕЧЕТИ ,и кап ремонт зданий Прокуратуры ,РОВД «полиция» ,Районный Акимат. После которого ,Я обратился в СУД что бы взыскать долги , Суд своим Решением передает само здание МЕЧЕТИ в мою собственность , А деньги который собирали со всего района ,остается У НИХ,то есть у Акима ,Имама. и их друзей. Получается хорошая «схема» сбора денег. Я не смог доказать в ВЕРХОВНОМ СУДЕ, просто там хотят ТЕБЯ слушать.
    — Я верующий ,молю БОГА о справедливости . надеюсь БОГ покарает ,справедливость на конец то восторжествует.Если кому интересен. СКУПИТЕ МЕЧЕТИ ОПТОМ и ЕЩЕ ДОЛГИ по Торгайской МЕЧЕТИ. 8701 816 5721 . E – mail: abk-777-1@mail.ru

Пікір немесе жауап жазу

2 × бес =