Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды

1807
2
Бөлісу:
Нұрәлі әлиев
Таяудағы Астана қаласы әкімі орынбасарларының тағайындалуы ел аузынан түспей тұр.
 ҚазАқпараттың хабарлауынша,  Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің өкімімен Аманшаев Ермек Әмірханұлы және Әлиев Нұрәлі Рахатұлы Астана қаласы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.
Ел ең алдымен, әрине, Рахат Әлиев пен дариға Назарбаевалардың тұла бойы тұңғышы Нұрәлі Әлиевтің Астана қаласы әкімі орынбасары болып тағайындалғанын сан-саққа жүгіртіп жатыр. «Әкесі үшін баласы жауап бермейді»-деген қағидаға салсақ, кімнің баласы болса да, қабілет-қарымы жетсе, қандай қызмет болса да, атқаруға құқы бар шығар…
Нұрәлі Әлиев Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек Университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмәмдаған.
Әр жылдары «Нұрбанк» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жыл аралығында – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы болып істеген. Аманшаев
Қазақ руханияты үшін белгілі есім – Ермек Әмірханұлы Аманшаевтың  Астана қаласы әкімі орынбасары болып баруы жақсы жаңалық ретінде қабылдануда. Өйткені, Астана қаласы әкімі  Әділбек Жақсыбеков пен оның айналасындағы қосшыларының орысшыл екені белгілі. Руханиятқа қамқор,  рухы биік ұлт жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтен кейін  бұл бірден көзге түсіп, кешегі өткен республикалық «мәңгілік ел – мұратым» айтысында да  ақындардың тілдеріне тиек болды. Астанадағы  руханият пен  ұлттық мүдделер мәселесі енді  қалай болар екен деп алаңдаулы елге әдебиетші, драматург Ермек Аманшаевтың келуі көңілге медеу болды.
Ермек Аманшаевтың «Қазақфильмнің» қабырғасын қатайтып кеткені мәлім.  Ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «филолог, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, филология ғылымдарының докторы.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген, Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. Соңғы жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті қызметін атқарды.

Астана қаласы әкімінің өкімімен Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы мен Балаева Аида Ғалымқызы Астана қаласы әкімінің орынбасарлары қызметінен босатылды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. editor 21 Желтоқсан, 2014 21:44 Жауап

    Ермек Аманшаев пен Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.
    Ел, әрине, Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаевалардың тұңғышы Нұрәлі Әлиевтің Астана қаласы әкімі орынбасары болып тағайындалғанын сан-саққа жүгіртіп жатыр.
    “Әкесі үшін баласы жауап бермейді”-деген қағидаға салсақ, кімнің баласы болса да, қабілет-қарымы жетсе, қандай қызмет болса да, атқаруға құқы бар шығар…

Пікір немесе жауап жазу

үш × екі =