Шығыстағы конференция

ШҚО жиыны Желтоқсанның 6 күні Өскемен қаласында «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық  филиалының конференциясы   өтті. Конференцияға   «Ақ жол» партиясының хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов қатысты. Жиынға  жергілікті 100 делегат шақырылып, оның 75- қатысты. «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасына дауыс беру барысында 75 адамнан 70-і дауыс беріп, 3 адам қарсы болса, 2 адам қалыс қалды. Жиында басты көңіл бөлген 3 сұрақ қаралды. Атап көрсетер болсақ:
  • «Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының атқарылған бір жылдық есебі мен мәселелері
  • «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасын қабылдау
  • «Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының ағымдағы мәселелері
Жиын барысында  бірінші мәселе бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары  Бүркіт Сұлтанов  сөз алып, облыс бойынша бір жыл көлемінде атқарылған шаралар мен жұмыстарарға есеп беріп, талдау жасады. Ал жиынның негізгі мәселелері мен шешімін таппай жатқан жұмыстар мен кедергілер төңірегінде ШҚО Риддер қаласыныің мәслихат депутаты Кокорин Владимир Владимирұлы, «УК техногрупп» құрылыс компаниясының атқарушы директоры Литвинов Михаил Викторұлы, «Ак жол» ҚДП  Семей өңірі бойынша өкілі Рахат Алтай, Семей қаласының «Ақ жол» ҚДП бас өкілі Ермек Серікбаев  және Шемонайха ауданындағы партия өкілі Александр Карпачев сөйледі. Үшінші ағымдағы мәселелерде жыл бойы сапалы жұмыс атқарып, «Ақ жол» партиясы қатарында  қызмет етіп көзге түскендерді марапаттаумен басталып, партия құрамына кіруге ниет білдіргендерге партия билеттерін табыстау салтанатына ұласты. Жиыннан соң  «Ақ жол» партиясының хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов пен  «Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық  филиалы төрағасы Талғат Құрманғалиев жеке сұрағы бар адамдармен жүздесіп, түйткілді сұрақтарға нақты әрі қанағатты жауап берді.

                               Нахдубай Есенбол,

Шығыс Қазақстан облысы