Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі: Я не слышу немножко!!!

1111
0
Бөлісу:

Әкімдердің  ішінде ана тілін түсінбейтіндері де бар. 6 желтоқсанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов есеп берді деп жазады «Жас қазақ» газеті.

 СҚО әкімі қазақ тіліндегі сұрақты түсіне алмай масқара болды
Ол баяндамасының әр жерінде қазақша сөйлеген. Сұрақ-жауапқа кезек келгенде Сұлтанов «қатты тұрмыстық қалдық» деген сөзді түсінбей, масқара болды.

Ақиқатын растау үшін Baq.kz  тілшісі Ая Өміртай мен Ерік Сұлтановтың арасындағы диалогты қаз-қалпында келтірелік:

– Солтүстік Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі қандай және қаншасы қайтадан өңделді?

Бірінші сұрақ тұрғын үй деп айттыңыз ба?..

– Жоқ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оның көлемі?

Тағы да?..

– Қатты тұрмыстық қалдықтар.

Я не слышу немножко.

– Өңірдегі тұрмыстық қалдықтар.

Сыртқа шығайын. Сізге сосын жауап беремін!

Ерік Хамзаұлы кейбір сауалдарға қазақша және орысша екі тілде жауап берген.

«Жас қазақтың»: «Облыста елбасының қатысуымен ашылып, қазір жұмыс істемей тұрған қанша кәсіпорын бар?» деген сауалына ол: «Елбасы ашқан кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеп тұр» деп таңдайын тақылдатты.

Ал «Ойл ньюс» тілшісінің осындай сауалына: «Бұл мәселеге талдау жасадық. Бізде бірнеше жыл тоқтап тұрған, жақсы жабдықталған, қуаты зор 22 кәсіпорын бар. Жетеуін іске қостық. Солардың бірі 5 жыл тұрған «Биохим» 2015 жылдың бірінші жартысында жұмысын бастайды» деп жауап қайырған.

 

Источник: NUR.KZ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

10 + 17 =