2015 жылдан бастап Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салынады

2015 жылдың қаңтарынан рөлі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салынады. Енді олар Кедендік одақ аумағына кіргізілмейді.

2015 жылдан бастап Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым салынады "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің жаңашылдықтарын Өскеменде Кедендік Одақ елдерінің сарапшылары талқылады. Сондай-ақ келесі жылдан доңғалағы бар көлік құралдары жедел қызметтерді шақырту жүйесімен жабдықталады. Бұл жол-көлік апаты болған жағдайда құтқарушылардың әрекет ету уақытын қысқартады және медициналық қызметтің де оқиға орнына тезірек жетуіне септігін тигізеді.