Баймағамбетовтің түрмеде таяқ жегені дәлелденді

889
0
Бөлісу:

Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовтың түрмеде әлімжеттік көргені расталды. Сондықтан ол жәбірленуші ретінде танылып колониядан Қарағандыдағы тергеу абақтысына ауыстырылған.Баймағамбетовтің түрмеде таяқ жегені дәлелденді

Арызданушының денесінен соққы іздері табылмағанына қарамастан, экс -шенеунік өзінің күш қолдану және моралдық қысым құрбанына айналғанын айтудан танбаған.

Прокуратура арнайы тексеріс жүргізгенде, колония қызметкерлері бұл уәжді теріске шығара алмапты. Осының негізінде қылмыстық іс қозғалып, жазасын өтеуші АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесінен тамыз айында Қарағандыдағы тергеу изоляторына ауыстырылған.

Ал Баймағамбетовке жасалған қысым туралы ақпарат енді жария етіліп отыр. Құзырлы орган өкілдері күдіктілердің де есімін жариялаған жоқ. Бірақ олардың арасында түрме басшылығынан лауазымды тұлғалардың бар екені де белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, Кеден комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов 80 мың доллар пара алды деген айыппен 10 жыл абақтыға кесіліп, Қарағанды облысындағы колонияға өткен жылдың күзінде әкелінген болатын.

Источник: КТК

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу