Бердібек Сапарбаевқа ШҚО құрметті азаматы атағы берілді

1663

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары қазіргі вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа облыстың құрметті азаматы мәртебесін беру ұсынысын бірауыздан қолдады.

Бердібек Сапарбаевқа ШҚО құрметті азаматы атағы берілді

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулылары Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматтарын таңдады. Бұл тізімге барлығы бес адам қосылды.

Бұрынғы өңір басшысынан бөлек, мұндай мәртебе «Благовест» халықаралық қайырымдылық ұйымының негізін қалаған Зинаида Драгункинаға, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Валерий Досқаловқа, Семей мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашевқа және жазушы, журналист Сәдібек Түгелге берілді.