Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға есірткі сатумен айналысқан

Жамбыл облысы Меркі ауданында мектеп мұғалімі теріс қылығы үшін сотталды. Ол бір жыл бұрын қап-қап есірткімен қолға түскен еді. Ұстаздың үйінен 34 пакет гашиш тәркіленген.

Меркіде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі оқушыларға есірткі сатумен айналысқан

Мектеп

Екі баланың анасы тоғыз жылдан бері есірткі зат сатумен шұғылданса керек. Тергеу материалдары бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа білім саласында еңбек ететін маманның азаматтық некедегі күйеуі жетекшілік жасаған.Отбасы иелері өзге де екі сыбайласымен бірлесіп, гашишті Тараз қаласы мен Меркі ауданында саудалап отырған. Сотта оларға есірткі дайындау, сату, тасымалдау баптары бойынша айып тағылды. Топ жетекшісі - он тоғыз, оның екі сыбайласы - он алты және он үш жылға бас бостандығынан айырылды.Ал, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі он жылын түрмеде өткізетін болды."Меркі ауылындағы орта мектептің мұғалімі. Мұғалім болып істеген кейінгі уақытқа дейін. Дегенмен, Айнақұлов деген азаматпен тұрмыс құрып, қылмыстық әрекеттерге ілесіп, бой салып кеткен. Бірнеше рет сатты. Үйінде тергеу кезінде үлкен мөлшерде есірткі табылды. Жасаған қылмыстардың салдары ауыр болған соң осындай жаза тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самат Төлесбай.