ШҚО жұртшылығы бұрынғы әкімдерін Астанаға жылап шығарып салды

1198
4
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевты халық қошеметпен Астанаға шығарып салды. Бүгінге дейін бірде-бір әкімді халық тап осындай қошеметпен аттандырған жоқ.

ШҚО жұртшылығы бұрынғы әкімдерін Астанаға жылап шығарып салды
Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Өскемен әуежайына облыстың бұрынғы басшысын шығарып салу үшін тек әріптестері ғана емес, ірі кәсіпорын жетекшілері, қоғам белсенділері, түлі ұлттық бірлестік өкілдері мен ардагерлер жиналған.
ШҚО жұртшылығы бұрынғы әкімдерін Астанаға жылап шығарып салды

Жиналған қауым Бердібек Сапарбаевтың өңірді басқарған 5 жыл 9 ай ішінде үлкен істерді атқарғанын айтты. Осы уақыт аралығында аймақ басшысы облыстың барлық ауылдарында, тіпті орталықтан алыс жатқан елдімекендерде де болған.
ШҚО жұртшылығы бұрынғы әкімдерін Астанаға жылап шығарып салды

Фото yk-news.kz

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев өзіне үнемі қолдау көрсеткен халық пен әріптестеріне рахметін айтты.

Сонымен қатар, бүгін Бердібек Сапарбаев облыстың қазіргі әкімі Даниал Ахметовпен бірге орталық мешітте болып, ата-бабалар рухына құран бағыштаған.

Енді Бердібек Сапарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовтың орынбасары қызметін атқарады.

 

Источник: NUR.KZ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Сенбек Сансызбайұлы 17 Қараша, 2014 11:51 Жауап

    Жақсы жігіт халықтың қамын жейді,
    Жаман жігіт халықтың нанын жейді,- дейді халық даналығы. Бердібек аға қандай қызмет атқармасын, халықтың қамымен жүрген жан ол кісіге Алланың разылығы болғай! Ер сыншысы елі дейді. Кеше Астанаға аттанарда шығыс халқы Бердібек ағамен жылап қоштасыпты. Ол басқа жоғары қызметке қимағаны емес, келер әкім Сіздей болмайды-ау деп жылағаны. Жаңа қызметіңіз құтты болсын Беке!

  2. Жомарт Айдарбек 21 Қараша, 2014 11:09 Жауап

    Бердібек аға еліміздегі халықшыл, жанашыр, қазақы әкімдердің бірі деп халық бағалап қойған. Қашанда да осы қалпыңыздан таймай, ел мүддесін жоғары қойып, халықтың қорғанышы бола біліңіз. Табыс тілейміз, адамдық бейнеңіз бен қазақы қасиетіңіздіді сақтаңыз.

  3. Тура Би 21 Қараша, 2014 12:20 Жауап

    Осы азамат нағыз мемлекетшіл кісі.
    Тектінің тұқымы екені әрбір қайраткерлік қадамынан көрінуде. Қайда болса да Елі үшін, Қазақстаны үшін еңбек етуде. Лайым осындай нағыз ерлер билікте көбейе берсін.
    Әруақтар қолдап, Алла Жар болсын!

Пікір немесе жауап жазу