ҚАЗАҚТЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ!

52561
34
Бөлісу:


Иманғали Тасмағамбетов  ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

иманғали 1 а

ЕНДІ ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАП, АЛАҢСЫЗ ОЯНАТЫН БОЛДЫМ!

Қазыбек Иса

Бөлісу:

34 пікір жазылған

  1. Махамбет 13 Қараша, 2014 14:05 Жауап

    «ҚАЗАҚТЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ!
    ЕНДІ ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАП, АЛАҢСЫЗ ОЯНАТЫН БОЛДЫМ! Қазыбек Иса.» Тарихта тұңғыш рет бір сөйлеммен-ақ бір дасттанның жүгін көтерген мақала жазылыпты! Қазеке, есіміз екеу, түсіміз төртеу болып отырғанда Ер көкем Иманғалидың Қорғанысты қолғға алғаны қаазаққа зор медеу болып отыр! Біз Иманғалиға сенеміз! Алға, Имеке! Біз толық қолдаймыз!

  2. Рашит Ахетұлы 13 Қараша, 2014 15:09 Жауап

    ҚАЗАҚТЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ!
    ЕНДІ ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАП, АЛАҢСЫЗ ОЯНАТЫН БОЛДЫМ! Қазыбек Иса.» Тарихта тұңғыш рет бір сөйлеммен-ақ бір дасттанның жүгін көтерген мақала жазылыпты! Қазеке, Еуразия қорасына кіріп кетіп, есіміз екеу, түсіміз төртеу болып отырғанда Ер көкем Иманғалидың Қорғанысты қолғға алғаны қаазаққа зор медеу болып отыр! Біз Иманғалиға сенеміз! Алға, Имеке! Біз толық қолдаймыз!» Осылай Махамбет бауырым бұкіл елдің сөзін тура айтыпты! Мен ұлы жүз, Қонаевтың туысы болсам да, Иманғали үшін ешнәрсе, дауысымды да, қолымды да, күшімді де, аямаймын. Себебі ол, жалғыз Имекең, Тасмағамбет қазақ үшін ешкімді аямайды! Жалғыз бір кінасы маған ұнамайтын, тегінен «ов» ты алып тастау керек!

  3. Рашит Ахетұлы 13 Қараша, 2014 16:03 Жауап

    серик, мен махамбеттен цитата келтирип, оны тырнакшаға алып отырмын гой, соны да билмей. миыңыз жетпей отыр ма?

  4. Түсінбеймін 13 Қараша, 2014 21:12 Жауап

    Бірі түкірсе, екіншісі жерге түсірмей қағып алады…) Иманғали мақтауға тұрарлық Тұлға, бірақ, ол туралы бір ауыз сөз жазған адамды мақтап не керегі бар, соны түсінбей отырмын…???

  5. Түсінбеймін 13 Қараша, 2014 21:17 Жауап

    Ұлтшыл, ұлтшыл емес деп, онсызда шала Қазақ пен таза Қазақ болып екіге бөлініп отырмыз, діншілдерді айтпағанда, тегіндегі ов пен евке қарап бағалауды, алалауды қашан қоясыңдар?!

  6. көгжал 13 Қараша, 2014 22:30 Жауап

    Тура елдің дауын бірауыз сөзбен шешетін дуалы ауыз билердің кесімді сөзіндей шыққан екен, кезінде Расул Ғамзатов халықаралық симпозиумда алдындағы мықтылар жарты сағаттап сөйлегенде, 2-3 минутта тоқетерін айтып қайырған еді. Имекеңнің аз сөйлеп, көп іс тындыратындығына Қазекеңдер Имекеңше бір-ақ сөйлеммен қайырды, одан басқа біздей халыққа не керек?! Расында тыныш жатып, алаңсыз оянатындай болайық…

  7. Темірхан Әбдікұлы 14 Қараша, 2014 11:12 Жауап

    Махамбет батыр Арал теңізінің жағасында:
    Уа, Барса келмес, Аралым,
    Сенің туып өскен мекенің,
    Ортасы шұңқыр ащы арал.
    Сен шалқыған теңіз болсам,
    Мен еркін жүзген кеме едім.- деген екен. Сол батырдың жау жүрек жалғасы Иманғали екені ақиқат. Отқа да төсін қақтаса да, Тәңір оққа жолықтырмасын.
    Қазақтың маңдайына бақ болып туған осындай ерлерге ұзақ өмір тілеу керек. Кесірден сақтап, аман жүрсін!

  8. Сапарәлі 14 Қараша, 2014 11:48 Жауап

    Бізде де баяғы Третьяков галереясын құрған меценаттар сияқты Иманғали, Ислам Әбішев секілді руханиятқа қамқор қайраткерлер көбейіп келеді. Иманғалиға ұқсайық деген мықтылар көбеюде, соған қуанамыз! ел тізгіні осындай ұлтшылдарға тисе, қазақ ұтылмайды.

  9. Рашит Ахетұлы 14 Қараша, 2014 11:52 Жауап

    Қазыбек те қайдағыны шығарады, бір сөйлеммен мақала жазу деген қызық екен!Бірақ Иманғали Тасмағамбетовтың бар ісін бір-ақ сөйлемге сыйғызып жібергені тапқырлық. Иә, «ҚАЗАҚТЫ КІМ ҚОРҒАЙДЫ!»
    ЕНДІ ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАП, АЛАҢСЫЗ ОЯНАТЫН БОЛДЫМ! Қазыбек Иса. Көгжал тауып айтқандай, табылған сөз!

  10. Рашит АХЕТҰЛЫНА 14 Қараша, 2014 18:01 Жауап

    Осында пікір жазып отырған азаматтар өздерін сауаттылар қатарына қосатын болса керек,өздерін қымыз «патриоттары» мен «бешбармак» «патриотарымыз» деп санайтын болса керек ? !
    «Егеменная Чернорусьтен» басқа газет оқымайсыздар ма,»Хабарстан» каналынан басқа теледидар қарамайсыздар ма ?
    Елімізде тәуелсіз «DAT»,»Свобода Слова» газеттері мен «ADAM bol» журналы бар шындықты жазады.
    1999 жылы президент сайлауы қарсаңында елімізде «КАЗАХГЕЙТ» деген қазақты әлемге масқаралап танытқан жанжал шықты.Арадан 15 жыл өткенде «КАЗАХГЕЙТ – 2» деген жанжал тағы шықты.
    Бұл жанжал Қорғаныс министрлігіне байланысты.Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Франция елінен тікұшақ сатып аламыз деп 1 миллиард 710 миллион АҚШ долларын желге ұшырған(сондағы сатып алмақшы болғандары EUROCOPTER деген 46 дана франциялық бердәулет).
    Қазақстанның Қорғаныс министрлігін Болгария елінде жасайтын запастағы полковник Қайыр РАХИМОВ басқарып отыр.Бұл полковникке Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,Даниал АХМЕТОВ,Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ ештеңе істей алмағанда Иманғали ТАСМАҒАНБЕТОВ не істей алады ? Қоғам балабақшадан бастап билікке дейін шіріп тозғанымен хабарыңыз бар ма,әлде басқа елде жасап жатырсыздар ма ? !

    Есенғали, Антакиядан

  11. Ыза боп жүрген қазақ 14 Қараша, 2014 21:14 Жауап

    Көпірме көп қырт сөздеріңе Есенғали -«Қоғам бала бақшадан бастап билікке дейін шіріп тозғанымен хабарыңыз бар ма?»-деп тоқ етерін айтып «жирный точка» қойды!

  12. Рашит Ахетұлы 14 Қараша, 2014 23:10 Жауап

    Біреуді қолпаштағымыз келіп тұр махамбет екеуміз, тағы кім (Қазыбек ) біреу бірдеңе жазар ма екен…!?

  13. Рашит Ахетұлы 17 Қараша, 2014 12:30 Жауап

    Менің атымнанан кім оттап отырған? Мен Имекең туралы жақсы пікірмнен айнымаймын! Бізге тек қазір осындай қазақтар керек!

  14. Политолог АБЕКЕ 17 Қараша, 2014 15:29 Жауап

    Имангали(ТАС) агамыздын елге жасаган жаксылыгы коп! Бирак Шанырак окигасы бетине ширкеу боп басылды. Оны халыктын умыта коюы мумкин еместей коринеди. Имангали агамыздын халыкка суйкими бар оны бари мойындайды жане минези бир басына жетип артылады. Сол касиетимен КАЗАК элитасында шоктыгы биик!!!!

  15. Политолог АБЕКЕ 17 Қараша, 2014 15:30 Жауап

    Келеси Президент ретинде халыктын кобиси коргиси келеди(менде бармын ишинде)

  16. Сапарәлі 25 Қараша, 2014 22:47 Жауап

    Өткенде бірден күтпеген жерлен әскердің әзірлігін тексеруге кіріскенінен-ақ, генералдар қандай қорғаныс министрі келгенін білген шығар…

  17. Әбдіғаппар 25 Қараша, 2014 22:49 Жауап

    Иманғали кеткесін, Астана көшелері қары тазаланбай, пробка басталды.. Баяғыда Алматыда да солай болған, әлі солай…

  18. Jolimbet Makishev 26 Қараша, 2014 10:45 Жауап

    Тасмағамбетовтың тұсы. Әкім тұрғындарға есеп беруде. Небір сұрақтар қойылып, қала басшысы оған қал-қадірінше жауап беріп жатқан. Орыстың бір кемпірі сөз алып, мешіттің жанында тұратынын, күніне олардың «тұп-тура бес рет» микрофонмен айғайлап (Бес уақыт азан) мазасын алатынын айтты. Шенеуніктерден осыған бір шара қолдануды сұрады. Тасмағамбетовтың cол кездегі ұтымды жауабы әлі есімнен кетпейді: » Если будет кричать шестой раз, позвоните мне»…Әкімнің осы сөзіне арқаланған кемпір «хорошо» деп, орнына барып отырды….

  19. Қазыбек Иса 26 Қараша, 2014 13:12 Жауап

    Иә, бұл Тасмағамбетовтың Алматының әкімі кезінде болған оқиға! Елдің бәрі ду-у-у күлген еді сонда, Имекеңнің қынаптан қылыш суырғандай тапқырлығына!..

  20. Рашит 27 Қараша, 2014 20:54 Жауап

    Сенімді қолдағы қорғаныс-Тәуелсіздік кепілі. Ендеше ұлттық қаны бар Тасмағамбетовтың Қорғаныс министрі болғаны- елге зор медеу.

  21. Тілек 27 Қараша, 2014 20:58 Жауап

    Қорғанысқа қолбасшы бас болады,басшы болады. Ең сенімді ұлт қорғаны Иманғали!

  22. Тобықты- Ерлан 3 Қаңтар, 2015 19:07 Жауап

    Осы Рашит пен Қазыбек ағаның ұқсастығы бір адам жазып отырғандай әсер береді екен, бұл не деген көрегендік немесе барып тұрған жағымпаздық!!!

  23. Рашит Ахетұлы 4 Қаңтар, 2015 00:41 Жауап

    Тобықты Ерланға! Мен Қазыбектен цитата келтирип, оны тырнакшаға алып отырмын гой, соны да билмей, соған миың жетпей отыр ма? Ол аз десең, Махамбеттен де цитата келтірдім. кімнің сөзі үнайды, содан үзінді келтіремін. Сенің сөзің ұнаса, сенен де цитата аламын. Ал Қазыбекке жағымпазданатындай жөнім жоқ, жұмысқа алады дейтіндей мен журналист те емеспін, өзіме жететін кәсіпкерлігім бар.

Пікір немесе жауап жазу

төрт × үш =