Нұрлан Нығматулинге мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару жүктелді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулинге Мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Нұрлан Нығматулинге мемлекеттік хатшы міндетін уақытша атқару жүктелді
Нұрлан Нығматулин
Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Әділбек Жақсыбеков Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов президент көмекшісі мен Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Источник: КазТАГ