«Туризмді дамыту үшін ҚР Заңнамаларына өзгеріс енгізу қажет»

Ақтау қаласында жақында өткен  «Каспий аймағындағы туризмді дамыту» тақырыбындағы алғашқы халықаралық форум аймақтың туристік потенциалын арттырып, туристерді тартуды көздеді. Форумға ТМД елдерімен қатар АҚШтан  түрлі мамандар келіп өз елдеріндегі туризм тәжірибелерімен бөлісті. Жиынды ұйымдастырушы маңғыстау облысының туризм басқармасы  жиынның мақсаты Қазақстандағы №1 туризм орталығына айналуға  сұранып тұрған  Каспий аймағына туристерді тарту мәселесін талқылау болғандығын айтқан еді. Осы форумға арнайы келген Қазақстан туристік ассосациясының директоры Рашида Шәйкеновамен тілдестік. Аймақтағы туризм саласын өркендету жолдарын жиналғандармен талқылаған ол бізбен де біраз ойларымен бөлісті. «Бүгіндері жалқау ғана туризм туралы айтпайды» - Сіздің форумға қатысу барысында көптеген сұрақтарыңызды көтергеніңізді көрдік. Мәселен, әлемдік туризм қайда бара жатыр? Мемлекет туризмді дамытуға қолдау көрсетуі керек пе және т.б. Сіз форумнан өзіңізге қажетті жауапты ала алдыңыз ба? - Кез келген байланыс, кез келген қарым қатынас пайдалы. Әрине, мен  туризм тақырыбындағы конференцияларға қатысуға тырысамын. Өйткені бұл алдымен жаңа танысу, жаңа пікір, жаңа көзқарас. Біз қызмет көрсету саласында еңбек етеміз. Сол себептіәлемде біз көрмеген жаңалықтар адамдар арқылы келеді.Маңығстаудағы туризмді дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар.  Біріншіден,  Каспий аймағында туризм тақырыбындағы халықаралық форумдардың өзі қуантарлық. Мүмкін бұл конференция келесі жылы халықаралық деңгейде өтпесе де ол пікір алаңына айналуы маңызды. Мәселен, форумда биоәртүрлілікті сақтау мамандары аймақтағы кауіпте тұрған ресурстарды, аймақтағы проблемаларды, бұл ресурстардың халықаралық мұраға, мәдениетке әсері туралы тек осындай аймақтық конференциялардан ести аласыз. Нақты іс жасайтын кез келді. Біз туризм туралы көп айтамыз. Бүгінде туризм туралы жалқау ғана айтпайтын шығар.  Бірақ жалпылама сөз, көпіру арқылы басты нәрсені жоғалтып алмауымыз керек. Біз Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және басқа да аймақтарымызды дамытпайынша біз мемлекеттік тауарға ие бола алмаймыз. Сосын біз Қазақстанның атынан халықаралық туристік нарықта нені сатуға болатындығын білмейтін боламыз. Сол себепті осындай форумдар қоғамдық пікір туғызуға, тартуға ықпал етеді. Қонақжайлылық қазақтың қанында бар. Бірақ қонақжайлылықтан бұрын бізге берілген табиғатты сақтай отырып, оны сата білуіміз керек.  Бюджетке қаражат тарта отырып, қызметкерлермен қамту. Яғни  қонақжайлылық ережесін білуіміз тиіс.Біз ережелер мен стандарттарды білуіміз керек. - Форумда мемлекет аймақтарға алғашқы уақытта туризмді дамытуға көмектесуі керек деген пікірлер айтылды. Сондай-ақ  бұл қолдау заң жүзінде бекітілуі тиіс делінді. Бұл жерде қандай заңнамалар туралы айтылып тұр? - Бұл ойын ережелері жазылатын  кездегі сұрақ. Негізгі заңнама ҚР Туризм туралы заңы.  Соңғы уақыттары  сыртқа шығу туризміндекөп проблемалардың болғандығын білетін боларсыз. Мәселен, GULNAR  TOUR, Алмас туризмдер мысал бола алады.  Бүгінде  осыған дейінгі құрылған заң актілерінің барлығы экономика саласын дамытуға қауқарсыз екендігін нақты түсіндік. Түбегейлі өзгеріс керек.   Кәсіпкерлік туралы заңында жазылғандай туризм туралы заң дамуға ықпалдасуы, әсерт етуі керек. Ол бизнес мүмкіндіктерін жаппауы тиіс.  Кез келген заңнама актілерін дайындай отырып, заң жасақтаушылар, ол жүзеге асқаннан кейінгі нарыққа әсерін есептеулері керек. Әйтпесе біз ешқашан шағын және орта бизнесті дамыта алмаймыз. Шағын бизнес экономиканың негізі екендігі түсінікті. Осыған байланысты ҚР «Туризм туралы», ҚР «Сақтандыру туралы»,  ҚР «Азаматтық авиация туралы»,  виза алу ережелері, шет ел азаматтарының паспорттарын тіркеу туралы,  арнайы қорғалатын территориялар туралы ережелерге өзгеріс енгізу қажет. Әкімшлік барьер болмауы да маңызды. Ал Үкіметтің 10 елден келушілерге  виза режимін алып тастау ең дұрыс қадамдардың бірі болды. Енді бұл қимылдың экономикалық тұрғыдан тиімділігін байқадық.  Біздегі сұраныс пен ұсыныс сәйкес келу үшін бизнесмендер ақшаны қайда салу керек екенін байқап жатыр. - Қазақстанда сервистің нашар еккендігі баршамызға белгілі.  Енді қызмет көрсету саласындағы сапаны арттыру үшін не істеу керек? - Бұл жерде мемлекеттің рөлізор. Сапаны арттыру үшін кадр мәселесі қазір  жолға қойылып келеді. Мәселен, мемлекет  кадр дайындауда өзіне тиесілі бөліктің жартылай атқарып отыр. Қажетті кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындар құрылды.  Қысқа курстар да іскелді қосылды. Кадр дайындайтын ұйымдар жұмыс жасап жатыр. Бірақ біздің жұмс берушілер жұмысшы даярлауға өз қатысуы керек. Түптеп келгенде қандай жұмысшыны қажет ететіндігі жұмыс берушіге маңызды. Сондықтан жұмыс берушіні кісіби стандарттар арқылды кадр даярлау жұмысына араластыру керек. Екіншіден,  жұмыс беруші кадрдың сапалылығын арттыру үшін жұмыстанып, салым салуы қажет. Сонымен қатар қазіргі таңда жұмыс берушіні кәсіби стандарттар мен сертификация мәселелеріне араластыру шешімі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда министрлік өзі оқытыпғ өзі сертификаттайды. Бұл дұрыс емес. Басқа елдерде біреулері оқытса, екіншілері сертификаттайды.  Қазіргі таңда пилоттық жоба ретінде кәсіпорындармен жиналып  сала бойынша сертификация жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олар мұнай және газ, тау кен туризмі салалары. Белгілі бір мамандықты оқыған адам кәсіпорындардың басшылары мен менеджерлерінің алдында өзінің практикалық тәжірибесін көрсетеді.  Осыған дейін оның квалифакциясының кезеңін анықтаған емес. Алматы мен Астана қалаларында қонақүйлердің арасында бәсекелестік бар. Ал аймақтарды қараңыз.  Ол жердегі қонақүй иесінің қызмет көрсетуі жақсы болсын жақсы жаман болсын тұтынушы соған келеді. Ол қызмет сапасы туралы ойланып не қылсын? - Маңғыстауда қонақүйлер көп. Бірақ бізге келетін туристер саны аз. Бірдеме жетіспейтін секілді... - Білесіз бе не жетіспейтінін? Бізге эконом классты қонақүйлер жетіспейді. Әлемнің көптеген елдерінде эконом класты қонақүйлер жақсы  дамыған. Ия, бізде көп жұлдызды қонақүйлер көп. Әйткенмен қонақүйлер тұтынушының қалтасына да тиімді болу керек. Сондықтан бұл саланы дамыта түсу керек. Мемлекет те атсалысып, осымен айналысам дегендерге тегін жер берсе жақсы болар ма еді. сосын қонақүйлерге қажетті ыдыс аяқтар, жиһаз, гигиеналық заттар бізде өндірілмейтін болған соң қонақүй иелері сырттан әкелуге мәжбүр. Осыған да ықпалдастық ету қажет. - Сіз қанша елде болдыңыз? Қай мемлекеттегі қызмет көрсету ұнады? - Мен көп елде болдым. Көбіне  өзге елдердегі қызметк көрсетуді зерттеу үшін, оқу үшін, бақылау үшін бардым. Мына елдегі сервис ұнады деп айту қиын.Бірақ бізге  Азия елдерінің қызмет көрсету стандартын пайдалану жақынырақ болады. Еуропалық қызмет көрсету стандарттары сапасы тұрғысынан жоғары болғанымен ол ескірген секілді. Бастысы біздер халықаралық тәжірибені бақылауымыз, үйренуіміз керек. - Сұхбатыңызға рахмет!