Қос шаңырақ – қоңсылар болғай құтты!

Қос шаңырақ – қоңсылар болғай құтты! Ініміз, бауырымыз Сәрсенби Мырзаевқа арнаймыз Өзен болып теңізге асқай бұлағың, Тұмар еттің елдің туын, ұранын. Күнімізсің көктегі емес жердегі, Жан-жағына шашып тұрар шуағын! Десек те дүние түлкі алдай-тұғын, Бақытты етсін әрдайым, салмай мұңын. Қос ұлың – қос қанатың болғай аман, Өміріңді мәңгі етіп жалғай-тұғын. Болашақтың ырысы сарқылмасын, Екі жас әрқашан да жарқылдасын. Келіндердің пұшпағы қанап жүрсін, Жаратқан бір тұяққа зар қылмасын! Мейлі бізден жастық шақ кете берсін, Ұлдарың арманына жете берсін. Немерелер мойныңа асылып кеп, Киіміңді ылғалды ете берсін! Жайлымың қашанда болғай шүйгін, Келінменен шөбере, шөпшек сүйгін. Сәрсенби, жігіттікпен қоштаса бер, Ағат басқан қадамнан ақыл жиғын! Еккен бар ағаштарың болғай түпті, Келіндер көп ұзамай болғай жүкті. Інішек, қос құдалық мың жылдық боп, Қос шаңырақ – қоңсылар болғай құтты! Ізгі ниетпен ағаларың: Ислам Әбішев, Сенбек Шынтаев, Қазыбек Иса, Зейінәбіл Сұлтанбеков