Маңғыстауда 270 келі бекіре сақтағандар ұсталды

Маңғыстау гоблыстық табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген рейд аясында Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен ауылында бірнеше браконьер ұсталды. Олар өздерінің үйлерінде 270 келі бекіре балығы мен балық аулауға арналған көптеген құралдарды сақтаған. Құқық қорғау органдары мемлекетке келген шығынды 2 млн теңгеге бағалады. Прокуратура қызметкерлері ұсталғандардан 500 метр ау мен 7 ілінбелі қозғалтқышы бар Ямаха қайықтарын алды. Сонымен қоса, балық сақтауға арналған үлкен тоңазытқыштар да табылды. - Аталған дерек бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 290 бабы бойынша 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдарын жүргізу үшін іс Маңғыстау облыстық ІІД жіберілді, - деді  Маңғыстау облыстық табиғатты қорғау прокуроры Омар Сүтбаев.