"Азаматтық қоғам белсенділігі жоғарылаған сайын сыбайлас жемқорлық төмендей береді"

Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов: – Бүгінгі таңда облыс аумағының көлемі 16,5 млн. гектар жер телімін қамтиды, жер-кадастрлық базада 100 мыңнан аса жер пайдаланушы тіркелген, 166 мыңнан аса жер телімдеріне сәйкестендіру құжаты берілген. Тексеру жұмыстары негізінде мемлекет меншігіне 3778,5 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылды, 10 мыңның үстіндегі жеке тұрғын үйлерге берілген, игерілмеген жер телімдері анықталды. Елді мекендердің жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларының есебі алынып, сондай-ақ, басқа субъектілер құқықтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу мақсатындағы жұмыстар жүргізілді, елді мекендер мен селолық округтердің шекараларын өзгертуге жобалар жасақталып, әкімдіктерге ұсынылуда. Мысалы, тек Жаңаөзен қаласының жерлерін түгендеу барысында 226 пайдалану мерзімі өтіп кеткен жер телімдері, 19 игерілмеген жерлер және 11 жерді өз бетімен иелену фактілері анықталды. Жер қатынастары саласындағы қалыптасқан ахуалды талдағанда жер – құқық бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының орын алатын объектiлерінің бірі болып табылатындығын  көрсетті. Әсіресе, олардың арасында мемлекеттік меншік құқығын бұзу, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалану және пайдаланбау, сондай-ақ жер телімдерін белгіленуі бойынша пайдаланбау секілді келеңсіздіктер көбірек кездесетіні байқалады. Көптеген зерттеулер көрсеткеніндей, мемлекеттік басқару жүйесі ашық болған сайын, сонымен бірге фн. Мысалға, Transparency International ұйымының мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі Сингапур елінде тіркелген екен. Бүгінгі таңда Сингапур елі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең «таза» мемлекеттердің қатарында болып есептеледі. Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты идеясы «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады. Бұл бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес - Сингапурдің экономикалық өсуінің басты факторларының бірі деп ойлаймын. Ақпарат көзі: "Маңғыстау" газеті. Еркеш НӘРЕМБАЕВА.