"Бердібек Сапарбаев туралы"Ойпырмай, қара халыққа да мұндай жақын әкім болады екен-ау" дегенін талай естіген адамның бірімін".

сапарбаев

Қозы-Көрпеш-Баян сұлу атауын Сапарбаевтың өзгерткісі келді дегенге сеніңкіремей отырмын...

Соңғы кезде ШҚО әкімін мейлі осы жерде, мейлі басқа ақпарат құралдарында "шаңын қағып" жатқанын оқып жүрмін. Дәл өз басымның сенсеңіздер ол адаммен ешқандай да қатысым жоқ. Рас ол ОҚО 1999-2002 жж аралығында обылыс әкімі қызметін атқарып кетті. Алайда сол жылдары халықтың көңілінен толықтай шықты деп ойлаймын. Тек Шымкент қаласын жандандырып қана қоймай, обылыс аудандарындағы бірталай іргелі істің ұйытқысы бола білді. Тіпті халық арасында "Ойпырмай, қара халыққа да мұндай жақын әкім болады екен-ау" дегенін талай естіген адамның бірімін. Басқа-басқа, қазақтың салт-сана дәстүрлерін жандандырып, тіпті "Сол кісі келеді екен" дегенді есітіп, бағып жүрген қойымды тастап, көкпар болып жатқан жерге барып, оның өз аузынан осындай салтымыздың алға баса беруіне тілектестік білдіргенін естіген адамның бірі едім. Тіпті ШҚО-на әкім болып кеткелі де бірталай игі істердің басында жүргенін сол жақтың азаматтары айтып жүруші еді кездескен жерде. Кеше ғана "Рейтинг.кз" сауалнамасы бойынша барлық әкімдердің алдына шығуы да көп нәрскені аңғартса керек. Ал енді бүкіл қазаққа мәшһур, елдік символы, махаббат символы Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу атауын Сапарбаевтың өзгерткісі келді дегенге сеніңкіремей отырғаным және де расты. Әрине айдаладағы отырған мен біле де бермейтінімді мойындайын. Және де Сіздердің обалдарыңызға қалғым да жоқ. Бірақ, тағы да бүкіл қазаққа белгілі, қасетті Семейді мына билік облыс атауынан айырылдырғанда кімдердің қайда жүргенін және де түсінбей басым қатып отырғаны? Әрине мен бұл жерде дау тудырудан аулақпын да.

Әуелхан Шонжан,

Фейсбук парақшасынан