АЛМАС ҚЫЛЫШ. Рыжий Алмаз» – Несіпбай Нәсенов туралы сөз.

40156
46
Бөлісу:

РЫЖИЙ АЛМАС
«Рыжий Алмаз» – Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Бір деректерде оның Аягөз қаласында туып, әйгілі Жоламан ауылында өсіп-өнгені айтылады, басқа деректер балалық шағын Қырғызстанда өткізген дейді. Кейін атағы шығып дүркіреп тұрғанында үш рет жолығып, өз көзімен көрген, пікірлес-ниеттес болған Жұмагелді Нәдірбековтің айтуынша, ол ұлылар мекені Семейдің топырағында туып-өскен.
Сол кезеңдегі газеттерде белгілі болғандай, Қырғызстанда жүріп істі болады. Ыстықкөл аудандық халық сотының үкімімен қарулы шабуылға қатысты деген айыппен бес жылға сотталады. Улардай шулаған баспасөз беттерінде оның «түрме университетін» беске бітіргені, түрме заңын жетік білгені сондай, ақша жасау мен адам тануды да мықты меңгеріп шыққаны жайлы жарыса жазады. Туған тілінен бөлек орыс, армян, шешен, сыған тілдерін жақсы білген, ағылшын тілін үйренген деседі.
Спортпен, оның ішінде айкидо өнерімен айналысып жаттыққан. Қол астына қараған қазақтың жігіттерін де осындай шығыс жекпе-жегіне баулып дайындаған деген деректер бар. Тіпті сол кездегі қазақ мафиясының белсенді топтары – «Атаба», «Төрт ағайынды», «Бабахан» сияқты ұйымдардың мүшелері түгелі дерлік «Рыжий Алмаздың» қоластында дайындалған.
Егер ол шынымен де қандықол қарақшы, қылмыскер болса, ұлт көсемі Қонаев не үшін кездеседі? Егер ол ұлтшыл болмаса, Қазақ жерінің асты-үстіндегі байлығына бола неге «майшелпек» Машкевичпен таласады? Егер ол қаныпезер болса, жаназасына неге сан мыңдаған адам жиналады? Әрине, біз оны судан таза, сүттен ақ деуден аулақпыз, пенде болған соң оның да қателескен, аяғын шалыс басқан жерлері баршылық. Сонда да біз оны ұлттың ержүрек ұлы, қазақтың жаңа заманғы батыры, ғажайып азаматы деп толық сеніммен айта аламыз. Себебі, тәуелсіздік жылдарындағы «Рыжий Алмазға» байланысты нашар көзқарас қалыптастыратын «жаптым жала – жақтым күйелі» басылымдарды оқып, көптеген азаматтарымыз теріс түсінікте жүргені даусыз. Өлгеніне қуанып, сүйінші сұраған, әлдеқашан сарғайып, сартап болған қазақ-орыс газеттерін оқып, сана соған тәуелді болғаны бесенеден белгілі жайт. Ал тәуелсіздік хронологиясы бір ғана кісінің идеясымен жүзеге асатындықтан, «Рыжий Алмаз» туралы дені дұрыс ақпараттың болуы мүмкін де емес. Сондықтан, ол туралы өзі және оның көзін көрген замандастары «сөйлесін»:

«Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын. …Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді». Бұл – ұлтын сүйген жүректі ер Несіпбайдың сөзі.
Несіпбайдың әкесі Болатбек Нәсенов айтады: «Мен оны қылмыскер дегеннің біреуіне де сенбеймін. Ол бандит емес. Атасы Нәсен (37 жасында халық жауы деп Сахалинде НКВД өлтірген) сияқты халықтың жоғын жоқтаушы, елінің патриоты. 37 жасында бұл жауыздар қолынан қаза тапты». Кім баласын жамандыққа қисын, әкесі ғой дерсіз. Сотта да куәлік ете алмайтыны сияқты бұл сөздерді есепке алмасаңыз – алмаңыз. Ал 2009 жылдары ҚР Парламентінің депутаты болған айтулы азамат Бекболат Тілеухан: «Унитарлық мемлекетте бір ғана ұлт болады. Бір мысал айтайын: егер мен шешен болсам, Қазақстанға қаңғырып келген шешен боламын. Мен азулылығымнан, мықтылығымнан Ақтаудың портын тартып аламын. Кез келген шенеуніктің баласын ұрлап әкетемін деп қорқытып, тендерді тартып аламын. Бұған ешқандай қазақ қарсы келмейді. Қарсы сөз сөйлейтін қазақтың басы баяғыда қырқылған. Талғат Атабаев, Сары Алмас, Қара Алмас секілді мықты жігіттердің бәрі өлген. Бұл жерде ылғи құлдың тұқымы қалған. Үйіне кіріп алып бауыздап жатсаң, ара түсетін ешкім жоқ!» – дейді.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Молдияр Оразалиевтің ойынша, бұл әркімге бұйыратын қабілет емес. «Атаба» (Талғат Атабаев), «Адай», «Төрт ағайынды» сияқтылардың барлығы «Сары Алмастың» қол астында болған. Бұрынғы Кеңес Одағы деңгейінде мызғымас жүйе құрған. Ол құрған империя қалай дегенде де ақылдың белгісі. Барлық құрылымдарда – прокуратурада, милицияда, сотта оның өз адамдары болған. Мәселелерін тікелей жоғары деңгейде шешіп отырған.
Жоғарыда аты аталған Жұмагелді Нәдірбеков: «Рыжий Алмаз» – өте мәдениетті, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеуде ізеті мол жігіт. Ұлттың бағына біткен азаматы. Өз көзіммен көрген адам ретінде айтарым: ол – қазақтың ғажайып тұлғасы. Мұндай рухы биік, ірі жігіт елде некен-саяқ болады, оны қаралап, тұқырта бергеннен гөрі мақтаныш етіп айта білуіміз керек деп білемін».
Шарафаддин Әмір: «Қылмыс әлемінде абырой мен атаққа кенде болмаған Несіпбайдың кейбір ойлары таңғаларлықтай. Мәселен, оны қазақ тілінің тағдыры толғандырады. «Қазақ тілінің өркендейтініне сенімдімін, – дейді ол өз ойымен бөлісе отырып. – Сондай-ақ Қазақстанды Отаным деп сүйетіндер қазақ тілін үйренулері шарт» дейді».
Төреғали Тәшенов: «Не десек те, қылмыс әлемінде дәл Несіпбай Нәсеновтың деңгейіне жеткен қазақ жігіттері болған жоқ. «Сары Алмастың» арқасында көптеген қылмыстық билік қазақтардың қолына көшкенін мойындағанымыз жөн…»
Ежелден ер халық қазақта жүректі ұлдар көп. Олардың батырлығы да кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бірақ осындай оғландарымыздың қадір-қасиетін әлі дұрыс бағамдай алмай келе жатқан сияқтымыз. Бұрындары өзге елдің көзқарасына сай, ол бабаларымызды «бандит», «қарақшы», «ұры» деп бағаласақ, ендігі жаңа кезеңде, тәуелсіздік елге айналған шағымызда ақты ақ, қараны қара дегізерлік нақтылыққа жетуіміз шарт емес пе. Сондықтан аты аталған ұлттың ержүрек ұлдарының аты жаңғырып, даңқы артуына біз – бәріміз мүдделіміз. Есіміне тіркелетін анықтауыштардың түзетіліп, шынайы жазылып, лайықты бағасын алуы – қазақ тарихына, қала берді тұлғатану саласына деген жаңаша көзқарастың қажеттілігін танытады.

Заңғар Кәрімхан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 46 пікір жазылған

  1. еламан 5 Қазан, 2014 16:03 Жауап

    Осы созді ойды тірі кезінде айтпагасын енді керегне айтып
    осындайды койсак болмайма
    оданда куран бағыштап жаткан жери жайлы болсын демимізбе

  2. Мұқитұлы 5 Қазан, 2014 23:36 Жауап

    «Бұрындары өзге елдің көзқарасына сай, ол бабаларымызды «бандит», «қарақшы», «ұры» деп бағаласақ, ендігі жаңа кезеңде, тәуелсіздік елге айналған шағымызда ақты ақ, қараны қара дегізерлік нақтылыққа жетуіміз шарт емес пе.»-Міне осындай жаңа тарихи көзқарас ана Балтық жағалауы елдерінде ана 90-жылдардың басында қалыптасып одан әрі өркендеп келеді.Олар кезінде Советтік идеологияның зорлықпен танған «лесные братья» деген орыс басқыншыларына қарсы партизандық қарулы қарсылыққа қатысушыларды нағыз ұлттық батырлар санатына жатқызды.Ал біз болсақ сол баяғы Орыстық советтік идеологияның уына уланып сол бағыттан әлі арала алмай келеміз.Себебі Қазақстанда жаңа тарихи көзқарасты қалыптастыратын Билік жоқ!

  3. Шарбат 5 Қазан, 2014 23:52 Жауап

    Сол Жумагелды Надирбеков осы кiсi туралы не бiлетiнiн жазбайма Жанылыспассам тарих панiнен сабак бередi

  4. Заңғар Кәрімхан 6 Қазан, 2014 16:05 Жауап

    Қазақ үні газеті!
    Бұл мақаланың авторы мен едім. Қазіргі ақпараттық тасқынның кесірінен өз мақалаңды бас бүтін иеленетін жазғыштар көбейді. Ергеш Шыңғыс дегеннің кім екенін білмеймін, бірақ менің материалымды, жинаған фактілерімді еш өзгертусіз шығарыпты. Сондықтан да сіздер авторды дұрыс көрсетулеріңіз қажет-ақ.

  5. Шарбат 6 Қазан, 2014 21:23 Жауап

    Зангар ондай ондай ханнын кызында да болады Казак Унi ушiн мен кешiрiм сураймын

  6. Модератор 8 Қазан, 2014 22:00 Жауап

    Бул макала Казак унi газетине шыккан жок, Зангар. Фейсбукте Ергеш Шынгыс дегеннин паракшасында жарияланыпты, авторын жазбаган. Ягни ергеш Шынгыстын кемшилиги бул.

  7. Модератор 8 Қазан, 2014 22:03 Жауап

    Бiз окылатын деректер болган сон, сайтка (газетке емес) салдык. Авторы сiз болсаныз, газетке де шыгаруга болады.

  8. Аноним 9 Қазан, 2014 15:02 Жауап

    Осындай Ер жүректі тұлғалар неге ерте омірден озады екен. Алмазды Барселонаның бір Виллаларында қарақшылардың қолынан қаза тапқан. Бұндай жағдайдың оөзі тапсырыс арқылы өлтірген. Рыжый Алмаз, Баха Фестиваль және Қаныбек сияқты азамттар қазір жоқ депте айтуға болады

  9. sholpan saduova 13 Қараша, 2014 19:26 Жауап

    ол казактын батыры казир биздин когам коркау каскырлардан тургандыктан олар шулап нагыз сырттан каскырды жауып онын атын ататкызбайды ал нагыз ерлик ол алмас ол ширимейди бир шыгады укимет озгереди жер жанарады ол олгенмен онын аты еш олмейди оны биздин еказактар олтиртти ол шет елде олтирилди

  10. Ерасыл Мухтарханов 30 Наурыз, 2015 19:15 Жауап

    Нагыз «Алмас Кылыш» деп айтуга болалы, Бундай рухы биик жигит 1 гасырды 1 туады

  11. Ерасыл Мухтарханов 30 Наурыз, 2015 22:54 Жауап

    Несипбай Насенов «РЫЖИЙ АЛМАЗ» олимине Рахат Алиевтын катысы болуы мумкин…

  12. Ерасыл Мухтарханов 30 Наурыз, 2015 22:55 Жауап

    Несипбай Насенов «РЫЖИЙ АЛМАЗ» олимине Рахат Алиевтын катысы болуы мумкин делинген бир газетте

  13. Елдос 31 Наурыз, 2015 04:01 Жауап

    Казирде жок емес Казакта мыкты жигиттер, бирак оз басымен калтасын ойлайтыны окиништи.Осы арыстандай айбатты агаларымыз 21гасырда болганда мына келимсектерди тайрандатпаспа еди мумкин….

  14. Ілесбек Байжанов 31 Наурыз, 2015 17:29 Жауап

    Ел боламын десең, осындай мықты азаматтарды мемлекет өз деңгейінде сақтай білуі керек. Қажет болса, дұрыс жолға жасампаздық жолға бағыттай да білуі керек еді. Нағыз арлан, қыран азаматтарды «бақ қонып бастық болған бақалар» көре алмай қызмет бабын пайдаланып жоя берсе, қорқаулар мен күшіген қарғалар көбейіп, қоғам азғынданып кетеді. Немесе қылмыс әлемінің келімсек гиеналары билік жүргізеді. Осыны түсінбеген кеңкелестерге не дерсің!
    Рухы мықты арыстан, көкжал, қырандарымыз көп болсын деп тілейік!
    Алла Жар болсын халқымызға!

  15. Ерасыл Мухтарханов 1 Сәуір, 2015 01:19 Жауап

    Несипбай Насенов Туралы Не Айтсакта Орынды Жаман Жагынан Емес Арине,

  16. Кайыр 23 Шілде, 2015 16:27 Жауап

    Казактын камын казак ойламаса орыс тилди шекпенди ойлай коймас. Алмас таризди жигиттер бар ар нарсенин оз кезеги бар кешеги Алтынбектерге карсы жасалган кылмыс ел есинде

  17. Ерема 16 Тамыз, 2015 19:04 Жауап

    Семей облысы Абыралы ауданынын азаматы, Аргын, Каракесек «Жалыкпас» батырдын тукымы, нагашысы Каракесек «Есбалак» Каз дауысты Казыбек бидин коргаушысы (телеохронитель)мын басы Айткожа батыр.Аргы бабасы Казыбек би болса ол калай мыкты болмасын! Тектиден текти туган ер болган сон биреулерге катты богет болганы анык. иманы жолдас болсын!

  18. Ерболат 17 Тамыз, 2015 16:00 Жауап

    Бұл кісінің қазаққа еңбегі көп, анау мынау деп қате түсінбейік ағайын. Осы адамдар кезінде Қазақ жерінде өзге ұлт құтырып жүргенде бəрін орын орнына қойған азамат батыр намысшыл ағаларымыз. Рыжий Алмасты Рахат Алиевтің бұйрығымен сол шет елде өлтірген.

  19. Азамат Турсынкул 5 Қыркүйек, 2015 00:44 Жауап

    Негизи барлыгы накты ари тусиникти жазылган мен созсиз колдайм ар казак Алмаз агамыз секилди болса деймин уйткени ол киси ошпес танба калдырды казакка ар бир сози ойланып шешилген создер мен озим ол кисини (бандит, и баскаша)атамайм ар казак дал сол кисидей ойланар болса барин тусинеди гой жарайсын агасы топырагын торка болгай

  20. Шашы бар 7 Қаңтар, 2016 20:48 Жауап

    Рыжий Алмас қайтыс болғанда 150 ден астам мафия басшылары келген осындай табыстары тұрғанда өз алдына мемлекет құрып алуы керек еді тірі болғанда солай жасап ма еді бекболат тілеуханның құлдың тұқымы қалды дегені маған ауыр тиді

  21. Шашы жоқ 7 Қаңтар, 2016 20:52 Жауап

    Рыжий Алмас сияқты арландарымыз жасасын ол испаниядағы вилласында ұйықтап жатқан жерінен басына қап салып атқан жеке сарапшысы сатып кеткен

  22. Асылжан 25 Қаңтар, 2016 04:01 Жауап

    Ар ұят Намыс керек қазақтар өздері бір бірін көре алмайт.Бир бири үшин нмес кейбиреуи өзи үшин тұра алмайт солгой. намыс деген басынан сөз асырмау деп ойлайт бəрі ал негизине келер болсақ қазақтын қазаққа жаны ашып əкенді шешенді деми бір біріне қол ұшын созса адам болып абыроймыз көтерілер деп ойлайм.ал өзараснда кең далага симай жүрген батырсымактар өздерине ғана мықтылығын корсеткеннен пайда не казирги заманша айтканда «понторез» яғни өзінше əр кім өзі аман болса болд басқасы не болсада барибир оган.

  23. алибек 13 Ақпан, 2016 03:16 Жауап

    ассалаумагалейкум бул айтылган создердин барине косылам. бирак бир нарсемен келиспейм. ким олтирседе казир ол улкен жерде отырган адам деп ойлайм оз ойым бирак ол адам али тири. олип калганнан кейн отирик бурмалап рахат алиевтит. канды кан алатдит

  24. Ерик 16 Ақпан, 2016 19:24 Жауап

    біздің елімізде казирде осындай мыкты-мыкты адамдар тагыда шыгатын болса, оны тагыда олтиреди, сосын тагыда олген сон жаксылыктарын айтып журеди,,,
    казкты казак кана котереди….

  25. Даулет 17 Ақпан, 2016 08:50 Жауап

    Рыжий Алмас Семей каласы, Абралы ауданы , Кайнар ауылынан шыккан азамат! Руы Аргын, Казырги кездеги чиновник акимдер сол азаматтан жаксы деп ойлайсындар ма?

  26. Жанатай 17 Ақпан, 2016 10:09 Жауап

    Заңғар! Аруақтары кешірсін, бірақ, қылымыскер- ол қашан да қылмыскер. Қылмысты- қылмысына орай жауап беруі тиіс. Осы айтып отырған жігіттердің 90 жылдары базарда сүті мен қаймағын сатып бала- шағасын асырап отырған сорлы қазақтың табысына ортақтасып, бермегенін итше тепкілегені жалған ба? Алғашқы притондарды ашып, оларда сенің әпкелеріңнің тәнін саудаға салғаны, Қап тауынан келген жүндестердің астына салып бергені жалған ба? Қаладағы аудандар үшін өзара қырқысып, бірін- бірі жауша қырғаны жалған ба? Бұлардың барлығының мойнында адам қаны бар.
    Ақтауға болмайтын нәрсені ақтап, бүгінгі жастардысолардың қанқұйлы жолынан үлгі алып, қолын қанға малуға тәрбиелеуге сен атсалысқаның қалай?
    Сенің мына мақалаңнан соң өз ұлың сол жолға түспесіне сенімдісің бе, кісі қанын жүктемесіне көзің жете ме? Доғар мынадай қылмысқа бастар шаруаңды. Ең алдымен өз ұлыңның дұрыс азамат болып өскенін қаласаң- қысқарт.

  27. канат 26 Ақпан, 2016 14:40 Жауап

    негізі алмаз аға сияқты үлкен топтар болғаны жақсы бірақ оларда жоқарда отырған жүрегі қазақ деп соғып тұрған ағалар бар екен біліп соларға бағынып отырса онда алмаз ағадай топта және жоқардағы жүрегі қазақ үшін соғып тұрған ағаларда күштті болар еді өзбектің орыстың осындай топтары өз еліндегі билік басындағыларға бағынып отратын шығар қәзір қазақстанда сыртан жұмыс жасауға келтін тыңшылар көпқо елдің қай жері әлсіз не қай жері қандай екнін солар арқылы біліп отыратын шығар қәзір мына аумалы төкпелі заманда алмаз сияқты ағалар керек әр обылыстың балдарының басын біріктіріп тратын

  28. Керей 30 Қазан, 2016 16:16 Жауап

    Неге кейбір деректер деп айтады?
    Ол жақында ғана болған адам емеспа?!
    Ол туралы тура мағлұматтар табу оңай деп санаймын.

Пікір немесе жауап жазу

екі × бес =